Қараөткел ауылы №6 орта мектебі «Қамқоршылық кеңестің» жылдық жұмыс жоспары
2018-2019 оқу жылы
Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін.
В.А. Сухомлинский
«Қамқоршылық кеңестің» негізгі мақсаты:
Балалардың мектеп өмірінде сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін оқу-тәрбие үрдісіндегі іс–шаралардың талапқа сай деңгейде ұйымдастырылуына ат салысу. Мектептің ішкі-сыртқы тәртіп ережелеріне көңіл бөле отырып, ұсыныстар жасау, көмек беру. Оқушылардың жан-жақты тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау.
«Қамқоршылық кеңестің» негізгі
міндеттері:
1. Мектеп өмірімен тұрақты байланыс орнату;
2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының
бірлігін қамтамасыз ету;
3. Ата–аналар ұжымын құру;
4. Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен
мәдениетін үнемі арттырып отыру;
5. Мектеп өмірінде өткізілетін түрлі тәрбиелік
шараларға қатынасу, материалдық жағынан көмек беру;
6. Түрлі рейдтер ұйымдастыру;
7. Оқушы қауымының алаңсыз білім алуына барынша
жағдай жасау;
8. Ұстаздар қауымымен бірлесе қызмет ету;
9. Ұстаздар мен оқушылардың құқықтарын қорғау.
Күтілетін
нәтиже: Ұстаздар қауымымен
біріге отырып еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, өмір жолында өз мамандығын таңдай
алатын, бойына игі қасиеттерді сіңірген, тәрбиелі, елінің гүлдену жолында
аянбай еңбек ететін патриот тұлғаны қалыптастыру.
Уақыты |
Атқарылатын жұмыстың мазмұны |
Тамыз – қыркүйек |
Мектепті жаңа оқу жылына қабылдау тексерісіне қатысу |
«Қамқоршылық кеңестің» жылдық жоспарын құру, мектепке қажетті қаражат көздерін көмек ретінде қарастыру | |
«Қамқоршылық кеңестің» мүшелерін қайта сайлау, міндеттерін жүктеу | |
Жалпымектептік ата-аналар жиналысын өткізу. 2017-2018 оқу жылы бойынша ата-аналар комитетінің атқарған жұмысының есебі | |
Мектептің, сынып кабинеттерінің, акт залының спорт залдың, шеберханалардың, асхананың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарының тексеру
| |
Оқушылардың ата-аналарын мектептің жаңа оқу жылына жан-жақты дайындығы жайлы хабардар ету
| |
«Білім күні» мерекесінің ұйымдастырылуына, өткізілуіне ат салысу | |
Қазан |
Оқушылардың мектеп формасымен қамтылуына ат салысу
|
Балалардың тамақтануы мен асхананың жұмысын қадағалау үшін ата-аналар рейдін ұйымдастыру | |
Балалардың сабақтан тыс уақыттағы жүріс-тұрысы жайлы әңгіме өткізу, бос уақыттарын тиімді өткізуге байланысты бағыт-бағдар беру | |
«Ұстаздар күні» мерекесінің ұйымдастырылуына көмектесу | |
Қараша |
Мектептің санитарлық жағдайын тексеру және оқушылардың киім-киісін тексеру мақсатында ата-аналар рейдін ұйымдастыру |
Желтоқсан |
Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары бойынша өткізілетін мектепішілік шараларға қатысу |
Мектеп өмірінде ұйымдастырылатын түрлі байқаулар мен шараларға қазылық жасау | |
Жаңа жыл мерекесін мұғалімдермен ұйымдастыру | |
Қаңтар |
«Қамқоршылық кеңестің» 2018-2019 оқу жылының I жарты жылдығы бойынша атқарған жұмыстарының есебін беру |
Ақпан |
|
«Жігіттің сұлтаны 2019» байқауының ұйымдастырылуына ат салысу | |
Наурыз |
Болашақ 1 сынып оқушыларының ата-аналары үшін ұйымдастырылатын «Ашық есік» күніне қатысу |
«Халықаралық әйелдер күні» мерекесінің ұйымдастырылуына ұсыныстар жасау | |
Сәуір |
Оқушылардың оқулықтарының жағдайын тексеру |
Жалпы ата-аналарға «Ашық есік» күнін ұйымдастыру | |
Жалпымектептік сенбілікке ата-аналарды жұмылдыру | |
Мамыр |
Жазғы балалар лагерінің ұйымдастырылуына көңіл бөлу |
«Жеңіс күні», мерекесінің ұйымдастырылуына көмектесу | |
«Соңғы қоңырау» мерекесінің ұйымдастырылуына қол ұшын беру | |
Маусым |
«Қамқоршылық кеңестің» мүшелерінің жылдық есебі |
11 сыныптың қоштасу кешінің ұйымдастырылуы мен өткізілуіне көмектесу | |
Шілде |
Ата-аналар кеңесінің демалыс уақыты |
Жыл бойы |
Оқу-тәрбие үрдісінде қиындық туғызып жүрген балалардың ата-аналарымен жеке жұмыс түрлерін өткізу |
Жайсыз отбасыларына ата-аналар рейдін ұйымдастыру | |
Бала тәрбиесіндегі өзекті тақырыптарға байланысты дөңгелек үстел ұйымдастыру | |
Мектеп әкімшілігімен бірлескен педагогикалық кеңестер өткізу | |
Инспектордың есебіндегі балалардың ата-аналарымен кездесу ұйымдастыру | |
«Қамқоршылық кеңестің» жұмыстарының атқарылуы, шешімдері мен хаттамаларын мектеп сайтына салу |
Тәрбие ісінің орынбасары: Смагулова М.С
«Бекітемін»
мектеп директоры
----------------------
Ахмет А.Қ
Целиноград ауданы
Қараөткел ауылы №6 орта мектебі «Қамқоршылық кеңесі» мүшелерінің құрамы
2018 – 2019 оқу жылы
№ |
Қамқоршылық кеңес құрамы |
Қамқоршылық кеңестегі қызметі |
Жұмыс орны |
Ескерту |
1 |
Абилгазина Жанар Қасымовна |
«Қамқоршылық кеңес» төрайымы |
ТОО «Марғұлан» Риэлтор |
Келісім бойынша |
2 |
Шәкей Жанаргүл |
Төрайым орынбасары |
Астана қаласы, мед.академия. |
Келісім бойынша |
3 |
Бижанова Назым Сайлаубековна |
Хатшы |
Мемлекеттік күзет бөлімі. |
Келісім бойынша |
4 |
Қосжанова Аягөз Тулеутаевна |
Кеңес мүшесі |
«Сана бала» мектепке дейінгі акдемия. Тәрбиеші |
Келісім бойынша |
5 |
Бейсенбин Амангелді Базарович |
Кеңес мүшесі |
ТОО: «Намыс қорғау». Күзетші |
Келісім бойынша |
6 |
Абиева Диана Науқановна |
Кеңес мүшесі |
Жұмыссыз |
Келісім бойынша |
7 |
Калиева Аймкул Ауелбековна |
Кеңес мүшесі |
Аспазшы |
Келісім бойынша |
8 |
Қызырова Алмагуль |
Кеңес мүшесі |
Жұмыссыз |
Келісім бойынша |
9 |
Искакова Мейрамгүл Амангелдіқызы |
Кеңес мүшесі |
«Rixos» қонақ үйі. шаштараз |
Келісім бойынша |
Целиноград ауданы
Қараөткел ауылы №6 орта мектебінде «Қамқоршылық кеңесінің» атқарған жұмыстары
туралы есебі
2017 – 2018
оқу жылында №6 орта мектебінде «Қамқоршылық кеңес» құрылып, оның мүшелері,
төрайымы сайланды. Жалпы мектепішілік ата- аналар жиналысының шешімімен «Қамқоршылық кеңесінің» төрайымы болып Сабиғат Нұргүл, хатшы - Рахатқызы Жанна және
мүшелері болып: Махметова Айгуль, Қосжанова Аягөз, Ибраева Гаухар, Бейсенбин Амангелді, Абиева Диана, Қызырова Алмагуль, Аскарова Айнагуль, Искакова Мейрамгүл, Абдрахманова Кенжегүл тағайындалды.
«Қамқоршылық
кеңес» мүшелерімен отырыс ұйымдастырылып, отырыс барысында «Қамқоршылық кеңесінің»
атқаратын жылдық жоспары таныстырылып, жыл бойы өткізілетін отырыстар
уақыты белгіленді.
«Қамқоршылық
кеңесі» 5 күндік оқуға көшу, «Мектепке
жол» акциясы, мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту сияқты мәселелерді шешу
барысында атсалысты. Сонымен бірге Жаңа жылдық шыршаның өтуіне, шыршаның
безендіруіне, ұйымдастыру барысына қолдау көрсете білді.
Қаңтар – ақпан
айларында өткен Республикалық
«Қайырымдылық» акциясының өз дәрежесінде өту барысына қолдау көрсетіп
отырды.
Ұлыстың Ұлы
күні наурыз мерекесінің жоғары деңгейде өтуіне де ықпал жасады.
Мектепішілік
отбасылық, салауатты өмір салтын насихаттауға байланысты ұйымдастырылған «Толағай» тағы басқа спорттық іс – шаралардың
ұйымдарстылу барысында үнемі кеңес мүшелерімен ақылдасып отырылып, іс – шаралар
жақсы деңгейде өткізіліп отырылды.
Мамыр айында өткізілген Республикалық Жалпы
ата- аналар жиналысында «Қамқоршылық кеңесінің» төрайымы болып Сабиғат Нұргүл жалпы «Қамқоршылық кеңестің»
жылдық атқарған жұмысына есеп беріп, кеңес мүшелеріне өз алғысын білдірді.
Тәрбие ісінің орынбасары: Смагулова М.С