Тақырыбы: «Ұрпаққа ұран болған - ұлы жеңіс!»
Мақсаты:
Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу;
Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеруге, үлгі - өнеге тұту.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы жылдарына арналған слайд.
Қанатты сөздер
• «Сен жаудан қашсаң, өмір сеннен қашады.» Бауыржан Момышұлы.
• «Соғыстың ең алғашқы құрбаны – ақиқат» Джонсон Хайрам.
• «Жаңашыл ұлдан Отаншыл ұл артық» Мұхтар Шаханов.
І. Ұйымдастырукезеңі:
1. Сыныптан тыс іс шараның тақырыбы, өткізілу мақсаты, жүргізілу жоспарымен таныстыру.
Армысың! Ары таза абзал жандар,
Ертерек шешек атқан ақ армандар.
Байсалдық, батырлықпен баға алғандар,
Бейбіт күн таңы болып ағарғандар.
Көңілде желбіретіп жеңіс туын,
Сөндірмей сенім отын жаға алғандар.
Бейбіт күн таңы болып ағарғандар.
Күш, жігер таба алғандар,
Отызда самай шашы ағарғандар.
Екенбіз өздеріңе біз қарыздар,
Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздармен оқушылар, бүгінгі мерекелік кешіміз Ұлы Жеңіске 76 жыл толуына байланысты «Ұрпаққа ұран болған – ұлы жеңіс.» деген атпен өткелі отыр. Бүгінгі кешіміздің басты мақсаты Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, туған елін қорғай білуге, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеруге, оларды үлгі - өнеге тұтуға тәрбиелеу.
Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім,
Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім,
Ұрпақ үшін тозбайтұғын, бітпейтін
Ардагерлер – естелігі соғыстың.
Монтаж
Оқушы: Армысың! От жалыннан оралғандар,
Аттарың аңыз болып таралғандар.
Тірлікте жаны жарқын алау жандар,
Тойымсыз ажалға тосқауыл боп,
Топ жарып тайсалмай - ақ бара алғандар,
Армысың!
От жалыннан оралғандар!
Оқушы: Жер үшін, Отан үшін лаулағандар,
Азамат, айтқан серттен аумағандар,
Шекара шебіндегі ну ормандар,
Халқына қалқан болып қаулағандар.
Ерлігің аңыздар мен шежірелер,
Ойлардан, өлең болып саулағандар,
Ән: «Көгершіндер»
Оқушы: Шығыстың шапағы жаңа біліне бастаған кез. Еңбек адамдары ұйқыда болатын. Ояу жүрген тек шекарашылар ғана. Кенет батыс жақтан қызылды - жасылды оттар жарқылдап шекараға тақап ұшақтар гүрілдеп ұшып келді. Бұл 1941 жылдың 22 маусым күні еді. Соғыс осылай басталды
Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталған.
Қара түнек серпілді
Ұйқысынан ел тұрды.
Аңсаған атты алтын таң,
Майданға Майданға.
Оқушы: Бір дауыл сыпырды кеп өрт теңізін,
Теңселтіп темір топан дүние жүзін.
Бетіне туған жердің өшпестей ғып,
Ер жазды өз қолымен жүрген ізін.
«Батырым – Бауыржаным» дейді халқым.
Алып ұл, ақын жүрек ердің даңқын
Келешек келе жатқан көремін деп,
Тік басып туған жерде тұрды қалқып.
Оқушы: Ұлы Отан Соғысына Қазақстаннан 1 миллион 7000 мыңнан астам жауынгер қатысты. Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тауып, хабар ошарсыз кетті. Соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде ақ майданға аттанды. Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауы тиіс.
Оқушы: Біз қашаннан ер қаһарман халықпыз,
Біз тарихта теңдесі жоқ алыппыз.
Біз күштіміз күштілердің бәрінен,
Біз сөнбейтін күн тәрізді жарықпыз.
Біздер нағыз құдіретті елден біз,
Ғасыр көшін бастау үшін келгенбіз!
Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар» хор
Көрініс: « Соғыс қасіреті!»
Немересі: Әже, әже! Мен бүгін «бестік» баға алдым. Мен сондай бақыттымын!
Әжесі: Талабыңа нұр жаусын, тамағыңды іше ғой, балам!
Немересі: Қазір тамағымды ішіп, қозыларыммен ойнап, атқа мініп келемін.
Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Кеше біздің ұлан байтақ жерімізге неміс фашисттері тұтқиылдан басып кірді. Герман елшісі соғыс басталғанын таңғы7 - де ресми түрде мәлімдеді. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Отанымызды жау қапыда басты. Ел үшін, жер үшін барлық ер азаматтар Отан қорғауға аттаныңыздар!
Немересі: Аттан! – деді,
Ол қазір аттанады,
Жауынгердің рөлін атқарады.
Неге бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан, әке,
Жолыңнан кешігесің.
Кеудесінде жаны бар пақырлардың
Тауып жейді сенсіз де несібесін.
Әжесі: Иә, сұмдықтың болатынын сезіп ем,
Ел әлсіреп күшті дауыл тезінен,
Тыныш жатқан берекелі Отанға
Қанішердің көз қадарын сезіп ем.
Әкесі: Тыңда, балам, тыңда, күнім,
Болуға жара қолқанат.
Кәрі анам, сәби інің –
Барлығы саған аманат.
Әжесі: Оралшы аман жеріңе,
Көрісші туған еліңмен.
Келін ау, көздей қалтаға,
Топырақ салып беріп жібер.
Келіні: Кебін киген өледі,
Кебенек киген келеді,
Үлкен үйден дәм татса,
Кешікпей дейді келеді.
Әкесі: Барамын тартып Батысқа,
Жортуыл, қырғын, түн қату,
Өлтіру, өлу, атыс та!
Жігіттің жігіт болғаны –
Жаудан елін сақтаса.
Жау шапқанда еліне
Қояндай бұғып қашпаса.
Атой сап жауға кіремін,
Ұлы Отаным, сен үшін!
Мына бір қалған бел үшін!
Қазақ солдаты:
Қош бол, досым, жақыным,
Уақыт тығыз, сөз қысқа!
Кетіп бара жатырмын
Сұрапыл бір соғысқа.
Мәншүктің майданнан анасына жазған хаты:
«Қымбатты апа! Бүгін күндіз сәл тынығайын деп жатыр едім бірден ұйықтап кетіппін. Сізді түсімде көрдім. Жеңіспен оралған соң айтатын нәрсе көп ақ. Қолыңызды қатты қысып, құшып сүйемін. Қызыңыз Мәншүк. Менің майдандас жолдастарым сәлем айтып жатыр! 1943 жыл 22 - қыркүйек».
Әлияның Сапура әпкесіне жазған хаты:
«Қымбатты менің Сапурам. Амансың ба? Қазір біз алғы шептеміз. Терең окопта хат жазып отырмын. Немістермен бетпе-бет келіп жүрміз. Менің басымда каска, белімде граната, қолымда винтовка. Солдаттар таңқалады. Фашисттерді аямаймын. Таң ертең командиріміз былай деді: «Мерген Әлия Молдағұлова үш күннің ішінде 14фашистті өлтірді. Иә, Сапура, командир алғыс жариялады. Көріскенше. Жеңіспен қауышайық. Сүйдім. Әлияң. 1943 жыл 13 - желтоқсан».
Мәншүк:
Айтшы, ана, сезіп пе едің сонда сен
Жақындаған қара бұлтты.
Қара нөсер дауылды?
Естіппе едің сонда сен
Өз еліңе жақындаған
Үрей болған сарынды?
Әлия:
О, анашым, күнім деген сенсің ғой,
Әрең жетті әлсіреген дауысың.
Жыламашы, шыдап бақшы ерсің ғой,
Бар емес пе бір жігіттей намысың.
Мәншүк:
Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік,
Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.
Отан ана отқа күйіп жатқанда,
Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.
Әлия:
Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз,
Жанарлардан мөлдір жас боп жандық біз.
Қолымыздан осы болды келгені
Біздей ерте солмау үшін барлық қыз.
Мәншүк:
Жетсек те арманымыз көп еді,
Айтылған жоқ махаббаттың өлеңі.
Біздің туған күнімізді құттықтап,
Бізге ешкім жыр ұсынған жоқ еді.
Ән «Әлия»
Оқушы: Қанды қырғын қан майданда талай боздақ етігімен қан кешіп жүріп өздерінің жастығын, күш жігерін жұмсады. Сол соғыстан оралмаған солдаттарды күтіп, артында аңыраған ана мен әкелер, желкілдеп өсіп балалар, махаббатын, сүйгенін күтіп бойжеткен қыздар қалды. Армандарына жетпей өмірден ерте озған қыршын жастарды, майдангер ерлерімізді бір сәт еске алып аруақтарына іштей дұға арнайық.
(сағат соғысы, бір минут үнсіздік)
«Жеңіс! Жеңіс!»
Оқушы: Жеңіс туы,
Жеңіс туы,
Желбіресін мәңгілік!
Жеңіс жыры,
Жеңіс жыры,
Асқақтасын жаңғырып!
Сөйлеңдер, ал сөйлеңдер, ардагерлер,
Әкелер қатарынан қалған ерлер.
Жорық жолын жеңістің тәмәмдаған,
Теңдессіз тарихтағы майдангерлер.
Қорытынды:
Мұғалім: Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталып, еліміз бейбіт өмірге көшті, Қазақ халқының алдында соғыс зардаптарын жою, экономикасы мен мәдениетін, өнер кәсіпті ауыл шаруашылығын, ғылым мен техниканы дамыту тұрды. Тарих тағлымына көз жіберсек қазақ халқы қаншама қиындықтарды басынан өткізіп, бәріне тойтарыс беріп, өзінің шабандылығымен төзімділігі мен парасаттылығын көрсете білді. Егеменді ел, тәуелсіз Қазақстан болып, көшбасшы болып, әлемге танылды.
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Заманымыз тыныш, аспанымыз ашық болып, Сәбидің күлкісі, ананың бесік жыры бізге рухани патриоттық сезім әкелсін.