"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села Караоткель отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мы в соц. сетях

   - Instagram

   - Facebook


«    Маусым 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Рухани жаңғыру

 02.09 - 06.09.19 күндері «Біздің үлгі тұтар мақтаныштарымыз» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: мектебіміздің спорт саласындағы жеңімпаз шәкірттердің жетістіктерін мектеп оқушыларына үлгі тұту.

 

09.09.19ж күні  «Абай дана, Абай дара қазақта» атты әдеби – монтажбен іс – шара ашылуы ұйымдастырылды. Іс – шараның ашылуында 10 сынып оқушылары үш тілде Абай Құнанбайұлының өмірімен шығармаларынан мәлімет берді.

 

13.09.19ж күні тарих пәнінің мұғалімдері: Жиенқұл Ұ.Б мен Рыспекова Т.Е ұйымдастырумен «Жаңа әліпби – жаңа дәуірдің жаңа тарихы» тақырыбында 8 «а,ә» сынып оқушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: жаңа әліпбиге көшудің маңыздылығына тоқтала отырып, латын графикасына көшу жаңа дәуірдің жаңа тарихы болатындығына көз жеткізу.

 

03.10.19ж күні ауыл әкімі Каханов Саят Магауилұлының қатысуымен  «Бір тал кессең, он тал ек» тақырыбында мектеп қызметкерлері, дене шынықтыру пәні ұстаздары және 10 сынып оқушыларының қатысуымен мектеп ауласына ағаш отырғызылды.

 

09.10.19ж күні Жастар жылына байланысты №2 орта мектебі, Қаражар мектебі және біздің мектебіміздің жас мамандары арасында волейбол ойынынан жолдастық кездесу өткізілді.

 

18.10.19ж күні мектебімізде жас отбасылар арасында «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында отбасылық сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа аудандық жастар ресурстар орталығынан, ішкі саясат бөлімінен және ауылдық әкімшілік округінен қонақтар қатысып, іс – шараға жоғары баға беріп кетті.Сайысқа мектебімізде жұмыс жасап жүрген 3 отбасы: Бадановтар отбасы, Әділетовтер отбасы, Қалқаман отбасы ат салысты. Сайыс нәтижесі бойынша 1 орынды Әділетовтер отбасы иеленді.

 

 

01.10 – 31.10.19 ж күндері аралығында Республикалық қарттар күнін мерекелеу шеңберінде іс – шаралар жоспары құрылды.жоспар барысында 8 сынып оқушылары  «Қарияларға бас иеміз» тақырыбында ауыл қарттарымен кездесу ұйымдастырса, дене шынықтыру пәні мұғалімдері мектебіміздің аға ұстаздары арасында дойбы ойынын өткізді.

 

 

Осы іс шара шеңберінде мектебіміздің 10 сынып оқушыларынан құралған «Жалын» тобы, жетекшісі тәлімгер Жармағамбет Дамира Байтуқызының ұйымдастыруымен мерекеге орай «Қарияларға қамқорлық көрсетейік» тақырыбында, ауылымыздың жалғыз басты қариялары Музафар Рамзис пен Финченко Любовь Ивановнаға барып көмек беріп қайтты.

 

22.10.19ж күні «Отбасы – тәрбие бастауы, мектеп – тәрбие жаршысы» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.

23.10-24.10.19ж күндері күз мерекесіне орай даярлық сыныптар, жетекшілері Уалиева Ұлболсын Қалиқызы, Болатпай Салтанат және Аппасова Жұлдыз Қуанышқызының жетекшілігімен «Алтын күз» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, өз деңгейінде өтті.

 

25.10.19ж күні 8,9,10 сынып аралығында  «Күз ханшайымы» байқауы ұйымдастырылып, нәтижесінде 10 сынып оқушысы Бахытқан Ақмарал жеңісті иеленді.

 

 

28.09.20ж күні «Ұстаз аты мәңгілік, жадымда тұрар жаңғырып» атты тақырыбында 11 сынып оқушылары ұстаздарды құттықтап, бейнероликтер даярлады.

  

29.09.20ж күні «Ұстаздарға мың алғыс!» тақырыбы бойынша 10 сынып оқушыларының ата – аналары ұстаздарға бейнеролик арқылы құттықтау жолдады.

   

28.09 – 02.10.20ж күндері аралығында 7-8 сынып оқушылары «Ұстаздар әулеті – менің отбасымның мпақтанышы» тақырыбында фотоколлаж жасады.

  

02.10.20ж күні ұстаздар мерекесіне арналған іс – шара мектеп директоры А.А.Қабиұлы құттықтауымен қорытындыланды.

02.10.20ж күні мектебіміздің шет мемлекетте білім алып жүрген түлектері: Дөрбет Арайлым (Түркия мемлекетінің Стамбул университетінде білім алады), Бақырғалиев Қуаныш (Санк – Петербург қаласында «Шекерадан өткізілетін товарларды қадағалайтын және сол товарға салынатын салықты алатын» оқу орнында білі алуда) төл мерекелерімен бейнеролик арқылы құттықтады.

  

 

 

 

  


Текст