Текст
2018 жылы 20 наурыз күні Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында, Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесіне орайластырып, "Туған жер - алтын бесігім" тақырыбында мектеп мұражайы ашылды. Мұражайдың ашылу салтанатына ауылымыздың қариялары мен мектеп түлектері шақырылды.
Мектеп мұражайының басты мақсаты: мұражайдағы тарихи құжаттар мен жәдігерлер арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке, ардагерлерге, еліне, жеріне деген құрметке тәрбиелеу. Іс-шара барысында мұражайды ашу құрметіне, ауылдың құрметті еңбек ардагерлеріне Құсайынов А.Қ және Казкенова Ә.А берілді.