"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села Караоткель отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мы в соц. сетях

   - Instagram

   - Facebook


«    Маусым 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұлттық ойын - халық мұрасы» тәрбие сағаты. Сынып жетекшісі Ахметова Қарлығаш Темірғалиқызы

Ұлттық ойын – халық мұрасы  

Сабақтың тақырыбы:  «Ұлттық ойын – халық мұрасы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - Халқымыздыңұлттық ойындарыныңқалай қалыптасқандығы,
                     оның атадан балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып
                     отырғандығы туралы мағұлмат беру
Дамытушылық  - Ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, жарыс түрінде
                               көрсетіп, қызығушылықтарын арттыру
Тәрбиелік - Ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл
                     қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай
                     түсуге тәрбиелеу
Қолданылған көрнекіліктер:ұлттық ойын түрлері салынған сурет, ұлттық ойынға байланысты буклет, музыкалық аспап, слайд.
Сабақтың жүру барысы:  whatsApp messenger , слайд арқылы
Ұйымдастыру бөлімі
1. Оқушылардың сабаққа назарын аудару
Кіріспе сөз:-Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай – қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары. Бүгінде ойынды адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруіде жайдан – жай емес. Бұрын ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ұлт ойындары осылайша атадан – балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырған. Ойын тек адамның дене күш – қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа  дәлдікке т. б. тәрбиелеп қана қоймай, адамның ақыл – ойының толысуына, есейіп өсуіне де көп пайдасын тигізеді. Манашыұлы Тұяқпай жырында: «Балалар   ойнайды, ойнап жүріп ол бала кеудеге ақыл ойлайды» - деп түйіндейді. 
Бұдан көретініміз ойын тек көңіл көтеру мен ермек үшін жасалмаған, қайта халықтың жазу өнері әлі дамымаған, оқу орны болмаған кезде өз ұрпатарын өмірге әзірлеу мүмкіншіліктерін пайдаланатын  іс – әрекет қызметін атқарған. 

-Ал, оқушылар   ұлттық ойын түрлерімен  танысайық

- Бұл ойындарда қандай мінез – құлықта болуды қажет етеді деп ойлайсыңдар?

 -Өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, табандылықты, тапқырлық.
-Қазақтың ұлттық ойындарының көптеген түрлері бар. Бұл ойындар бос уақытты көңілді өткізуге, денсаулықты шыңдай түсуге, халқымыздың әдет – ғұрпын, салт – санасын біліп өсуге, тілді дамытуға көп жәрдемдеседі.

-Осындай ойын түрлерінің бірі – жұмбақ айту. Бұл ойын – қол бос кездің бәрінде айта беруге болады. Жұмбақ айту ой – өрісті кеңейтуге, сауатты молайтуға үлес қосады. Оның шешуін табуда бала ізденеді, сұрайды, ойланады. 

-Кәне, олай болса біз де осы ойынды ойнап көрейік.


Жылға дер ем ақпайды
Жылан дер ем шақпайды (Арқан)

Алты аяқты, төрт көзді
Екі ауызды, бір сөзді
Ынтымақты ел кезді ( Ат мінген адам)

Көліксіз өмір сүрмейді
Ғұмыры жаяу жүрмейді (Ер тоқым)

- Қазақтың тойларында да ұлттық ойындар болған. Аж жарыс, теңге алу, қыз қуу, күрес, арқан тартыс, бәйге, айтыс тағы басқа. Енді таныс болайық.

 

-Бүгін ,міне, ойын ережесімен танысып, сол ойындар туралы білдіңдер
        Біздер шымыр,жүйрік те
        Ойынменен шынықтық
        Еп қана емес бірлік те
        Керек екен соны ұқтық-деп айтымыз келеді,

Қорытынды сөз: сонымен ұлт ойындары – ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың маңызы өте зор. Ойын адамның алдынан өмірдің есігін ашып, өміріне ұштаса береді. Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ, болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған ортаны тану арқылы түсінік алады. Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай  ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.

 


Текст