Сыныбы: 7 Б
Сынып жетекшісі: Жармағамбет Д.Ж
Өткізілу форматы: What’s app қосымшасы
Тақырыбы: Патриотизм деген не?
Мақсаты: 1. Оқушыларға отансүйгіштік қасиет туралы түсінік беру.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың бойында патриоттық сезімді оятатын әр түрлі слайдтар, бейнероликтер көрсету.
ІІІ. Негізгі бөлім.
Патриот деген кім, патриоттық сезімді қалай түсінесің? – тақырыбында пікір сайыс
Жүру барысы: І. Ұйымдастыру
Кіріспе әңгіме
Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз.
Бүгінгі тәрбие сағатымызға өз ой - пікірлерін ортаға салайық.
(Оқушылар өз ой пікірін жазады)
ІІ бөлім. Слайдтар және бейнероликтер көрсету.
ІІІ бөлім. Негізгі бөлім 1. Жалпы патриот деген кім, патриотизм дегенді қалай түсінеміз? 2. Осы ХХІ ғасырда ерлік жасауға бола ма, оны қалай түсінесің? 3.Қазіргі таңда жастардың бойында патриоттық сезімін оятатын әндер бар деп ойлайсыңдар ма?Бар болса қандай әндер? (әр оқушы ортаға өз ойларын жазады) Қорытынды:Құрметті оқушылар, осы тәуелсіздікке патриоттық сезімнің күштілігінен қол жеткіздік деп ойлаймын. Сендердің патриот, патриоттық сезім туралы ойларынды, пікірлерінді тыңдай келіп мынандай қорытынды жасадым. Туған жерге деген ыстық сезім, Ата- баба өсиетіне адал болу, Ана тіліне деген құрмет, елдің тарихын құрметтеу, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау әрекеттерінде ойларында барын көріп, еліміздің болашағы жарқын болатынына сеніммен қараймын.
Бейнероликке сілтеме: