"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села Караоткель отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мы в соц. сетях

   - Instagram

   - Facebook


«    Маусым 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Кітап - біздің досымыз" тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Кітап - біздің досымыз»
Мақсаты: Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу. Оқушының білімділік танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру. Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру, кітаппен достастыру.
Әдісі: сұрақ - жауап, ой қозғау, әңгімелеу

 .Кітапханаға саяхат жасау

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Кіріспе
Біз бүгін балалар, осы жерге не үшін жиналып отырмыз. Оның сырын білу үшін үлкен тақтадағы жұмбақты шешейік.
Қабат - қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін.( Кітап)
Осы кезде музыка әуенімен қақпа ашылып, тәрбие сағатының тақырыбы ашылады. «Кітап - біздің досымыз»
І. кезең «Кітап - ғажап дос»
ІІ. кезең «Кім көп біледі?»
І
ІІ. кезең «Тапқыр болсаң, шешіп көр»
   

Ү. кезең «Ойлан тап»
Мұғалім: Кітап - ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ. Кітап - ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап - ақылдың кені. Кітап - бар білімнің бастауы. Кітап - барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы. Өз бетімен кітап оқып, оның көмегімен үздік білім алған, сөйтіп атақты ғалым болған адамдарда дүние жүзінде аз емес.

Кітап: Мен адамның досымын. Менің атым - кітап. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңірді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Содан соң оған авторлар жазады, суреттер салады. Баспаханаға жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады. Жұмысшылар машина мен поездарға тиеп ауыл - ауылға, қала - қалаға таратады. Міне, мен енді сенің қасында тұрмын. Мені күтіп, жыртпай ұста. Мен сенің сенімді досыңмын!

І. кезең «Кітап - ғажап дос»
Д
арина: Айдын шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дерсің
Ауадай қажет бейне бір
Таппасаң нәрін шөлдерсің.


Айзере: Адамның досы кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние - мүлкі
Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.
                                                                                                                                                                                                                                                                                 

Нұрасыл: Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады
Жеткізіп өткендердің өсиетін,
Шешіліп кейде достай сырласады.


.Заманауи кітаптармен танысу.
  

ІІ. кезең «Кім көп біледі?» Ойынын ойнайық ( мақал - мәтелдер айтылады.)
1. Кітап - асыл қазына
2. Оқу - білім бұлағы,
Білім - ырыс қазығы.
3. Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
4. Білікті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
5. Оқу - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
6. Оқу түбі тоқу.
7. Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
8. Оқу инемен құдық қазғандай.

Мұғалім: Кітап - шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап - адал пейіл, асыл дос. Қойған жеріңде жатады, қолыңа алсаң, өзіңе тіл қатады.
Бөбектерім оқы, ойна,
Оқу - білім саған пайда.
Кітабыңның шетін жыртып,
Сияменен бояп қойма.

І
ІІ. кезең «Тапқыр болсаң, шешіп көр» Ойынын ойнайық (жұмбақтар жасырылады.)
1. Ұсынған қойнынан
Білімнің үлесін.
Шықпайды ойыңнан,
Досың ғой білесің. Бұл не? (Кітап)
2. Білімнен мол сый асы,
Балалардың ұясы (мектеп)
3. Білімнің жолбасшысы
Шәкірттің қолбасшысы (мұғалім)
4. Айғағы жоқ, айтары көп,
Айтқанынан қайтары жоқ (кітап)


Текст