Тәрбие сағаты
Сыныбы: 8 Б
Сынып жетекшісі: Нурмаганбетова М.Ж.
Өткізілу форматы: What’s app қосымшасы
Тақырыбы: Ата заң – мәңгілік елдің берік тұғыры!
Мақсаты: 1. Балаларға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.
3. Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Жүру барысы: І. Ұйымдастыру
Кіріспе әңгіме
Айбыны асқақ, атағы әлемге мәшһүр, күн санап өсіп - өркендеп келе жатқан жас мемлекетіміз бар. Қаншама қиындық көрсе де, қазақ елінің аумағында ғасырлар бойы шапқыншылық болып, астан - кестең оқиғалар мен өзгерістер орын алса да қазақтар, яғни, көне дәуірден бастау алған ата - бабамыз екі құндылықты мәңгілік сақтап қалды, ол Сөз құдіреті мен Заң құдіреті.
Ел басқарудың тамаша үлгілері біздің ата - бабаларымызда да болған. Қазақ тарихында «Қасқа жол», «Ескі жол», «Жеті жарғы» делінген заң үлгілері болған. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды.
І – бөлім «Тәуелсіз елдің тұғыры – Ата Заң»
ІІ бөлім Құқығыңды білесіңбе бөлімі бойынша сұрақ- жауап әдісі
ІІІ бөлім «Қазағым, қанша айтсам да, таусылмайды ғажабың» мақал-мәтел жалғастыру
Бүгінгі тәрбие сағатымызға өз ой - пікірлерін ортаға салайық.
Мұғалім: Енді Ата Заңымыздың кейбір баптарына тоқталып өтейік.
7 - бап
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тiлi.
9 - бап
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимнi бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгiленедi.
14 – бап
Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
27 - бап
1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата - ананың етене құқығы әрі мiндетi.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата - анасына қамқорлық жасауға мiндеттi.
29 - бап
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
30 - бап
1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм алу мiндеттi
34 - бап
1. Әркiм Республиканың мемлекеттiк рәміздерін құрметтеуге мiндеттi.
ІІ бөлім Құқығыңды білесіңбе бөлімі бойынша сұрақ- жауап әдісі
1 Егемендік алғаннан кейін ҚР Конститутциясы қанша рет қабылданды?
2 Республикадағы заң шығарушы орган ?
3 ҚР Конститутциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады?
4 ҚР валюта қашан қолданысқа енгізілді ?
5.Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады ?
6. Неше жасқа толмаған адам бала болып есептеледі ?
7. Әр адамның жеке басының куәландыратын құжат?
8. Бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады ?
9. Құқық салаларын атаңдар?
10.Азаматтық кодекс қашан қабылданды?
11. ҚР Мемлекеттік нышандары туралы заң қай жылы қабылданды ?
ІІІ бөлім «Қазағым, қанша айтсам да, таусылмайды ғажабың» мақал- мәтел жалғастыру
1. Тура биде (туған жоқ)
2. Қылмыскер кісіден қорықпайды (ісінен қорқады)
3. Дау мұраты біту (Жол мұраты жету)
4.Сөз шынына тоқтайды (пышақ қынына тоқтайды)
5. Атаның баласы болма (Адамның баласы бол)
6. Малым жанымның садағасы, (Жаным арымның садағасы)
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Абай-дана, Абай-дара қазақта!»
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды Абай шығармашылығын сүйіп оқуға шақыру. Абай өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлықтарын арттыру.
Барысы:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
Сендермен бірге Абай еліне саяхатқа шығайын! Соңғы аялдамамыз-Бөрілі.Аялдама сендерге тапсырма дайындапты. Ол тапсырма Абай өміріне байланысты сұрақтар екен.
Қорытынды :
Міне, балалар! Өз міндеттеріміз бен құқықтарымызды біліп, оны дұрыс орындап, бірлік пен ынтымақта жұмыс жасап, Қазақстан елінің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы үшін үлесімізді қосайық дегім келеді. Қазақтың зиялылары туралы оқып, өмірлік заңдарын насихаттайық