Сыныбы: 5 «А»
Күні: 24.11.2020
Тақырыбы: «Президент өмірбаяны- мемлекет өмірбаяны»
Тәрибе сағатының мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру, оқушыларға Президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету, өз Отанын, халқын сүйетін азамат боп өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың түрлі сипатта түскен суреттері, кітаптар көрмесі, нақыл сөздер, слайдтар.
Әдісі: ой бөлісу, пікір алмасу
Тәрибе сағатының барысы:
а) Қонақтармен сәлемдесу
ә) Оқушылардың қатысуын қадағалау
2. Көрнекілік арқылы түсініктеме беру және тақырыпқа сай кіріспе сөз сөйлеу
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Желтоқсаннан бастау алған егемен,
Егеменді елде берік керегем.
Қазақстан - бірлігімнің айғағы,
Әлем білг
Бірлігімнің бұзылмаған қаймағы,
Бейбіт күнде желбіреген байрағы.
Барлық ұлттар бақыт тапқан өзіңнен,
Қазақстан - ынтымақтың айғағы.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні барша қазақстандықтарға құтты мереке болғай! Халық үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстан келешекте дамыған, өркениетті ел боларына сенеміз.ен басшысымен көреген.
Бұл - еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ, 1991 жылғы 1-желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды. Сөйтіп, ғасырлар бойы халқымыздың асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата-бабаларымыздың тарихи аманаты орындалды. Бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды жарқын болашаққа батыл бастады.
Шығындап қиыр шеттің танып бәрін,
Уа, жұртым, шартарапқа шарықтадың.
Бұл әлем қашан тұтас біліп еді,
Қазақтай жер бетінде халық барын.
Әр сөздің астарына осы арада,
Ағайын,ой жіберіп жете қара.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында
Тұлғасы Елбасының жеке дара,- дей келе, Тұңғыш президентіміздің өмір жолдарымен таныс болу үшін экранға назар аударайық.
Оқушылар Елбасының өмір жолы жайындағы өте қызықты бейнероликті қарап шығады.
Руана:
Көш бастаған - Президент
Тәуелсіздік көк жебесін желбіретіп,
Көш басында ел мақтаған - Президент.
Сын сағатта еліне еңбек етіп,
Арманына қол жеткізген – Президент.
Қазағым деп соққан оның жүрегі
Отша қайнап, лаулап жанып жүреді.
Халқыменен бірге болған сәттерде,
«Аман болшы елім» оның тілегі.
Аружан:
Тұңғыш қазақ Президенті - Нұрағам
Ата - бабам мың сынаққа шыдаған,
Тәңірден тек Тәуелсіздік сұраған.
Азаттықтың ақ таңы үшін тер төккен,
Тұңғыш қазақ Президенті - Нұрағам.
Сүйеу болған аналарға жылаған,
Тіреу болған балаларға құлаған.
Елдің жерін, арқалаған нар тұлға.
Тұңғыш қазақ Президенті - Нұрағам.
Сыртқа кетіп қалмасын деп сыбаға,
Шекараға қазы қағып, нұраған.
Шетте жүрген қандастардың панасы,
Тұңғыш қазақ Президенті - Нұрағам.
Астанам бар, азатпын деп қуанам,
Топқа түссем көк байрақты ту алам
Тұңғыш қазақ мемлекетті құраушы
Елін сүйген, елі сүйген - Нұрағам!
Мадина:
Елбасы үлкен саясаткер болумен қатар жан-жақты дамыған тұлға. Барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді. Сондай-ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Ол кісінің « Елім менің» және «Үшқоңыр» өлеңдеріне ән жазылған.
Мұғалім:
Елбасымыз Түркияға жасаған сапарларының біріндегі сөйлеген сөзінде: "Қазірге дейін түріктің ішінде: "Жігіттің сұлтаны, ең жақсы жігіт қандай?", - дегенде, "Ол - қазақ!", - деді. Сол қазақ – бізбіз!", - дегені бар еді.
Осыған орай, Елбасымыз өз бойына қазақ жігітіне, ер азаматына, жігіттің сұлтанына тән асыл қасиеттерді сіңіргендігі көпке аян. Елбасының бойына осы сынды асыл қасиеттерді жиып берген Алла тағаланың құдіреті мен жомарттығына тағы бір бас имеске шараң жоқ...
Елбасының ақындығына қатысты бір қызықты эпизодты келтіре кетсек.
Қазақтың көрнекті ақыны, марқұм Тұманбай атамыз Елбасын жыл сайын Жаңа жыл мейрамымен құттықтап тұратын көрінеді. "Ақынға қара сөзден, өлең оңай", - демекші құттықтауын өлеңмен жолдайды. 2008 жылдың қарсаңында да солай болады. «Нұрсұлтан бауырыма Жаңа жылдық жыр» деп аталатын сол өлеңнің төрт шумағы мынандай екен:
Өстің ғой тұнықтардан ат суарып,
Өзіңді аялаумен өтсін халық.
Ылайық сенің биік мәртебеңе,
Жаңа жыл жаңа бақыт келсін алып.
Жақсыны, жаманды да көрді басың,
Іздеген батырымсың шөл жуасын.
Өзіңнің аман жүрген әр күніңе
Мынау бір жалпақ жатқан ел қуансын.
Келеді алға тартып алтын арба,
Сәт сайын қарқын қосып қарқындарға.
Сен барсың, асыл інім, жан бауырым,
Нұрсұлтаным дейтұғын халқың барда.
Тапсам деп қазағымның қалай бабын,
Жайнадың жазғы таңдай арайладың.
… жаңа жыл кірген кезде өз үйіңе,
Бізді де бірге кірді деп ойлағын.
Рухия:
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылдың 6-шілдесінде Алматы облысына қарасты Қарасай батыр ауданының Шамалған ауылында туылды. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты. Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
Бекмурод:
Елбасымыз аң аулағанды, саят құрғанды жақсы көреді. Әрі оның мергендігі туралы түрлі аңыздар бар. Бірге оқыған досы, белгілі заңгер, күні кеше дүниеден өткен Мақсұт Нәрікбаев ол туралы: «Бір жолы атқан оғының жарты шақырым қашықтықта тұрған жануардың жүрек тұсынан дәл тигендігін көрдім. Тек хас мерген ғана осылай ата алады ғой», – деген болатын кезінде.
Айасыл:
Нұрсұлтан Назарбаевтын есімін әжесі құрандағы екі сөзді біріктіріп қойған. Нұрсұлтан бала кезінен ұшқыш болуды армандаған. 3 жыл бойы орыс тілінде білім беретін мектепте оқыған. Жас кезінде көршінің үйін тұрғызу үшін кірпіш құйып ақша тапқан. Мектепті бітіргеннен кейін химик болуды жоспарлаған. 22 жасында бірінші рет шетелге шыққан ол ел-Финляндия.
Руана:
Жасаған енбектері
Президент Назарбаев – кеңестік саясаттағы жарық жұлдыз, түрлі республикалар арасындағы ірі тұлға. 50 жасар Қазақстанның лидері – белгілі деңгейде қатал, тәжірибелі, жедел шешім қабылдай алатын адам. Одақтың басқа республикаларының өзі мойындаған жылы шырайлы, талантты және табанды басшы.
Мұғалім:
Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін. Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын. Кейінірек Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кітаптарының бірінде былай деп жазды: «Кейінгі кезде өзінің «пролетарлық» тегімен көкірек қағу басқа бір нәрсенің салқынымен алмасты: қайткенде де өз тегінен «ақсүйектік» қасиет іздеп табу етек алды. Ондай біздің тұқымда болған емес. Мен – қойшылардың ұлымын, немересімін және шөбересімін. Демек, ешқандай ақсүйектер әулетінен емеспін. Менің ата-бабаларымның бәрі де Алатау баурайында өмір сүрген».
Қорытынды:
Осымен «Президент өмірбаяны- мемлекет өмірбаяны» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Тамашалағандарыңызға көп рахмет, келесі кездескенше күн жақсы!
«Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз».