Күні:02.11.2020 Сынып: 3«В» Тақырыбы: «Ел ертеңін ойлаған - Елбасы»
Мақсаты:а)Елбасының өмірін,еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып,ел жандылыққа,отан сүйгіштікке азаматтыққа баулу. б)Елімізге еңсе тіктетіп,мемлекетімізді мығымдап берген,халқын сүюге, білімділікке тәрбиелеу. 3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Өткізу тәсілі:әңгіме,пікір-талас.
Білімділік: Сұрақтарға жауап беру,сабаққа белсенді қатысу.
Дамытушылық: Белсенді қатысады, зейіндерін қойып тыңдайды, өз ойларын ашық жеткізеді.
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, кітаптары, рәміздер, шарлар. 1. Ұйымдастыру кезеңі:Сергіту сәті,әнұран
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу.
Сергіту сәті.
Мұғалім сөзі:Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар! -Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.
Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.
Ал балалар сіздерге сұрақ -Балалар біздің президентіміз кім? -Қазақстан Республикасында Президент сайлауы қай жылдан басталды? -Соңғы сайлау қай жылы өтті? Жалпы оқушылар бәріміз өз елімізді,өз жерімізді жақсы көреміз иа? Кім өз ойын білдіргісі келеді осы сұраққа қалай жауап берер едіңдер?
Рәміздерді атандарш.
Ал балалары кім осы тақырыпқа байланысты тақпақ айтқысы келеді?
Айшагүл: Тұратұғын болашақтың үні кеп, Тартылар күй айтылатын жыры көп. Ерекше бір еркіндік,бауырлар, Басшымыздың бүгін туған күні деп.
Арман: Әнге толсын барлық қала ауыл бар, Қағылсын бір барабаңдар,дабылдар. Елбасының туған күнін ардақтау, Бәріміздің борышымыз,бауырлар.
Дильназ: Қазақ елі желбіреп көк байрағын, Гүлге оранды ауылың мен аймағың. Нұрсұлтаның биіктерге бастады, Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.
-Ал,енді балалар Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев атамыздың қанатты сөздерін қысқаша айта кетейік.
• Өзіне-өзі сын көзімен қарамайтын халық – болашағына көп үміт арта алмайды.
• Жаңа Астананың қаласы да, адамдарының санасы да жаңа болсын.
• Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман.
• Қазақ тілі мемлекетіміздің барлық азаматтарын біріктіруге қуатты.
Оқушылар сіздер шаршаған шығарсыздар сіздермен кішкене сергіту сәтін ұйымдастырайық. Балалар тағыда кім тақпақ айтқысы келеді?
Айша: Тәуелсіздік-рухы күшті ғажап күн, Артта қалды бодан болған азап күн. Елім,жерім қазағым деп тебіренем, Өйткені мен –тәуелсізбін,азатпын.
Ерназар: Нұрсұлтанға рух берген кәрі тарих парағы, Дара шыңы қазақтың. Дана басып тудың халық-алыптан, Топырағы ол туған жердің киелі.
Рауан: Ошақтың аяғы үшеуі болғанымен ұлт біреу, Ұлт тағдырын ойлауымыз керек. Ұлттық теңгеміз өз бабында.
Сондықтан Біздің Елбасымыз - өзінің білім - білігімен, тәжірибесімен парасатты саясатымен түрлі этнос өкілдері кіретін халықты қазақ жерінде бірлік пен ынтымақтықта ұстап, береке тұнған құтты мекенге айналдырып, өз Отанының байлыққа кенеліп, гүлденуі үшін елімізді алға бастаған ұлы көшбасшы.
Қорытынды:Сұрақ-жауап арқылы бүгінгі тақырыпты қорытындылау.
Елбасы күні - елдікті еңселетіп, тәуелсіздікті тұғырлы ететін күн болсын деп тәрбие сағатымызды Көк тудын желбірегені атты әнімізбен аяқтаймыз.