"Тарих. Тағылым. Тәуелсіздік” атты тарих, қазақ тілі мен әдебиеті және өзін - өзі тану пәні бойынша «Шежіре» әдістемелік бірлестігі апталығы желтоқсан айының 09.12. - 15.12.аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігімен байланыстырыла өтті. Апталық қашықтықтықтан өткізілді. Апталықтың мақсаты: -Тәуелсіз еліміздің Халықаралық беделінің жоғары деңгейде көтерілгенін, осы деңгейге жетудегі тәуелсіздік жылдарындағы тарихи оқиғаларды оқушыларға насихаттау. Тәуелсіздіктің 29 жылдығымен байланыстырыла өткен апталық жас ұрпақтың санасына ел тұтастығы мен бірлігінің, сонымен қатар татулығы мен тыныштығының негізі болатындығын оқушыларға жеткізу. - Оқушыларды Отанын сүйюге, ұлтжандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу. - Тәуелсіз Қазақстан тарихын жетік білуге құштарлығын ояту. - Бүгінгі заманға сай, іздемпаздыққа, шығармашылыққа баулу. «Шежіре» әдістеме бірлестігінің «Тарих. Тағылым. Тәуелсіздік» тақырыбында қашықтықтан өткізілген апталықтың іс-шара жоспары бойынша Ахметжан Қапиза мен Нургалиева Ақдана Қонысқарақызының ұйымдастыруымен «Ән- көңілді ажары» атты патриоттық әндер байқауы 5- 11 сыныптар арасында өтті. Көптеген оқушылар ән байқауына қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Бас жүлде Төленді Айасыл 5 «А» сынып оқушысы. 1-орын Нұрланбек Ердібек 10 «А» сынып оқушысы 2-орын Марат Риза 8 «Б» сынып оқушысы 3-орын Сенбі Зарина 6 «А» сынып оқушысы Байқауға белсенділік танытып қатысқан оқушылырымыз Исламбек Сезім 5 «б» сынып, Темірхан Мирас 6«Ә» сынып, Нөкісбай Заманбек 7 «Б» сынып, Жоламанова Жанель 8 «Б» сынып, Әкбар Гаухар 11 «А» сынып осы аталған оқушыларымызға алғысымызды білдіреміз. Ахметова Г.С, Хабай Б ұстаздарымыздың ұйымдастыруымен «Тарих пен әдебиет мәдениеттің қос тірегі» (сөзжұмбақтар, ребустар шешу) сайысы өткізілді. Сайысымызға өзінің ой ұшқырлығымен көзге түскен 8 «А» сынып оқушылары Жакеева Сарбиназ және Альжанов Мирас, Салменова Марал Амангелдіқызының ұйымдастыруымен 7 сыныптар арасында «Әдемі жазу, үлгі дәптер» көркем жазу көрмесі бойынша 12 оқушы қатысып, үш оқушы алдыңғы қатардан көріне білді. 1-орын Аллаберген Аяулым 7 «А» сынып 2 –орын Жылқыбайқызы Үміт 7 «А» 3-орын Саметова Еркежан 7 «Ә» «Тәуелсіздік –тәңірдің сыйы» қабырға газеттер байқауы Аубакиров С.Т. 7-8 сыныптар арасында өткізілді. Барлық сыныптар жоғары деңгейде қатысыты. Атап айтар болсақ Бас жүлдеге ие болған Баймағанбетова Дильназ 8 «Б» сынып оқушысы 1-орын Аллаберген Аяулым 7 «А» сынып 2-орын Нұртілек Альмира 8 «А» сынып Жоғары белсенділік танытып көзге түскен оқушыларымыз 7 «Б» сынып оқушысы Ибрагимова Айша, 8 «А» сынып оқушысы Мухамедия Аяжан, 8 «Ә» сынып оқушысы Калибай Жанерке, 8 «Б» сынып оқушысы Қуанышбек Алтын оқушыларымызға алғысымызды білдіреміз. Жармағамбет Д. Б «Елім менің» патриоттық ойын ақын-жазушыларға арналған сайыста өз білімдерін ортаға салып, ой ұшқырлықтарын көрсете білген 6 сынып оқушыларына алғысымызды бідіреміз. 8 сыныптар арасында «Желтоқсаннан бастау алған Егемен» тақырыбында Баймурзина Дана Дулатқызының басшылығымен дөңгелек үстел өткізілді. Белсенділік танытып, өз ойларын ортаға сала білген 8 сынып оқушыларына алғысымызды білдіреміз. «Тәуелсіз елім-Қазақстан» презентациялар конкурсы 8-11 сыныптар арасында Смагулова М. С. ұйымдастыруымен өткізілді. Конкурс барысында 9 «А» сынып оқушылары 1- орын деп танылса, 2 орын 8 «А» сынып оқушысы Аубакиров Ералы және белсенділік танытқан 8 «А» сынып оқушылары Альжанов Мирас және Кокумбаев Э льдар марапатталады. «Туған тілім-тірлігімнің айғағы» шығармалар байқауында үздік шығарма 9 «А» сынып оқушылары Қадыр Ажар мен Досболат Арай марапатталады. «Туған өлкем» видео ролик көрсетілімі бойынша 10 сынып оқушылары марапатталады.