"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села Караоткель отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мы в соц. сетях

   - Instagram

   - Facebook


«    Маусым 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қараөткел ауылы №6 орта мектебінде IQanat олимпиадасының бірінші кезеңі өтті.

19.11.2020

IQanat  олимпиадасы – еліміздің ауыл  мектептерінің 9-сынып оқушылары үшін тегін олимпиада. «IQanat білім беру қоры» қоғамдық қоры олимпиаданы қамқоршылардың қаржыларына өткізеді.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

Қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру;

-оқушылардың жалпы білім беру пәндерін оқуға қызығушылығын қалыптастыру;

-оқушылар арасында тікелей байланыспен тәжірибе алмасуға жағдай жасау.

Олимпиада ауыл мектептерінің 9-сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша үш кезеңде өткізіледі. Алайда, ақтық сынға 9 жылдық білімдерін сынақ кезінде дәлелдеп шыққандар өтеді.  Олимпиада жеңімпаздарына жоғары оқу орындарына түсуде үлкен жеңілдіктер қарастырылған. Білімді оқушылармен екі жыл көлемінде біліктілігі жоғары  ұстаздар жұмыс істейді. Түлектерді  ҰБТ және IELTS емтихандарына тегін даярлайды.  IQanat олимпиадасында топ жарғандарға отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында тегін оқу мүмкіндігі беріледі.

Қараөткел ауылы №6 орта мектебінде IQanat олимпиадасының бірінші кезеңі өтті. Алғашқы кезеңге 47 оқушы қатысты. Олимпиадаға қатысушылар  негізгі пәндер бойынша білімдерін ортаға салып тест тапсырды. Олимпиаданың нәтижесі келесі жылдың басында белгілі болады.  Iqanat  олимпиадасының екінші кезеңі 2021 жылдың мамыр айында өтеді деп жоспарлануда.  ІІ турдан сүрінбей өткендері республикалық кезеңге жолдама алады. Біздің мектеп IQanat олимпиадасына алғашқы жылдардан бастап үздіксіз қатысуда.

Просмотров: 364


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст