Текст
Қараөткел ауылы №6 орта мектебінің 2020-2021 оқу жылына арналған күзгі демалыс жоспарына сәйкес, 6-шы қараша күні "Өнегелі кітап - өмірлік серігің" тақырыбында оқушылар оқыған кітаптары туралы бейнеролик жасау іс-шарасы өткізілді. 1-11 сыныптар аталған іс-шараға белсенді қатысты. Компьютерлік технологияның даму дәуірінде балалар мен жасөспірімдердің басым көпшілігі уақыттарын теледидарды көруге, компьютерде ойнауға, музыка тыңдауға арнайды. Көптеген оқушылар дамып келе жатқан техниканы жақсы біледі, бірақ 1-11 сынып оқушылары өз роликтерінде кітап адамзат баласына білім беретінін көрсетті, өздерінің сүйікті жазушылары, сүйікті кейіпкерлері туралы қызықтыра айта білді.