"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села Караоткель отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мы в соц. сетях

   - Instagram

   - Facebook


«    Маусым 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

15.04.2018

Алжир  – тарихтың өшпес парағы

     13.04.2018 жылы күні  сәуір Қараөткел ауылы №6 орта мектебінің   6 «А» сынып оқушылары, сынып жетекшісі Сейілханова Айнур Бақытқызы, 7 «А» сынып оқушылары сынып жетекшісі Алибаева Еркенқызының бастамасымен Ақмола облысы Целиноград ауданының Ақмол ауылында саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражайына экскурсияға барды.  Экскурсия барысында балалар Алжир лагері туралы көптеген деректер алды. Нақтырақ тоқталар болсақ:

     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2007 жылғы 31 мамырда Ақмола облысы Целиноград ауданының Ақмол ауылында саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының

«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені ашылды.

«Отанын сатқандардың» әйелдерінің Ақмола лагерінде мерзімін өтеген  62 ұлттың әйелдерінің рухын арналған «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені посткеңестік мемлекеттерде ғана емес, барлық әлемде жалғыз бірегей ескерткіш болып табылады. «АЛЖИР»-де бір мезгілде 8 мыңға жуық әйел отырған. Негізінен тұтқындалғандар одаққа танымал саяси және қоғам қайраткерлерінің әйелдері болған. Бүгінде «АЛЖИР» мұражайының қорында мұрағаттық құжаттар мен фотосуреттер, балалардың жазған естеліктері, «АЛЖИР» тұтқындары Әзиза Рысқұлованың, Роза Цыпкинаның, Клара Бронның, Софья Зильбербергтардың балаларына жазған хаттары, сонымен қатар, Мария Минкинаның 1938 жылы «АЛЖИР»-ге бара жатқанда туғандарына жазған хаты, ал ол хатта

балаларды балалар үйінен алып кетуді өтінген деректер бар екен. Мысалы: Янина Германовичтің төрт айлық қызы Майяны лагерьде ораған көрпесі мен кестеленген белдігі қойылған. Қуғын-сүргін тақырыбы қоғамда орын алмаған кезде Ақмол ауылында 1989 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап, «Қақ айырылған жұлдыз» атты тұңғыш ескерткіші ашылған. Сол жылдары ауылдың шетінде «АЛЖИР» тұтқындары мен олардың балаларының жерленген жерлері анықталды. Қазіргі таңда ол жерде ескерткіш белгілер бар. Сол сияқты лагерьдің ауыр азабынан өткендерге арналған мұражайдың аумағында «Көз жасы» стелласы орнатылған. Стеллада бұрынғы КСРО территориясында орын тепкен ГУЛАГ-тың картасы бейнеленген. Сондай-ақ, Қазақстанның аумағында орналасқан Карлагтың құрамындағы 11 лагерьдің атауы жазылған. Сонымен қатар, тікенекті сымның ар жағындағы әйелдер мен балалардың қасіретті тағдыры да көрініс тапқан. Жыл сайын Қазақстанда 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні атап өтіледі.

Қараөткел ауылы

Тәрбие ісінің орынбасары

Смағұлова Майра Сәлімжанқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 568


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст