«Әрбір ұрпақ - бір жұлдыз»
Целиноград ауданы Қараөткел ауылы №6 орта мектебінде 11.04.2018 жылы күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында «Әрбір ұрпақ - бір жұлдыз» тақырыбында «Екі жұлдыз» ән байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты: Дарынды балаларды анықтап, шығармашылық қолдау көрсету, әншілік қасиеттерін, өнерге деген құштарлығын ояту. Балаларды көркемдік – әсемдік, адамгершілік - рухани бағытта тәрбиелеу.
Байқаудың талаптары бойынша байқауға қатысушы жұп баласы мен ата-анадан тұруы керек және бала жасы 6
жас пен 10 жас аралығында болуы тиіс.
Байқауға төрт үміткер өтініш білдірді. Нақтырақ тоқталар болсақ: биология пәні мұғалімі Даутбаева Ұлдана
Жайлаубайқызы қызы Айшамен, мектеп тәлімгері әрі өзін – өзі тану пәнінің ұстазы Нұрғалиева Ақдана Қонысқарақызы ұлы Жасұланмен, тарих пәні мұғалімі Сейілханова Айнұр Бақытқызы ұлы Нұрасылмен және бастауыш сынып ұстазы Сабиғат Нұргүл қызы Рухиямен қатысты.
Байқауда халық әндерімен патриоттық тақырыпта әндер шырқалды. Байқау жоғары деңгейде өтті.
Байқау нәтижесі бойынша топтан өздерінің жан – жақтылығымен оза алға шығып,
Тойшыбековтер отбасы «Бас жүлдені» иеленіп, 14.04.18 жылы күні болатын аудандық «Екі жұлдыз» байқауына жолдама алды.
Ақдана Қонысқарақызы мен Жасұланға алдағы сайысқа сәттілік тілеп, жеңіспен оралады деген үлкен үміт күтеміз.
Қараөткел ауылы
Тәрбие ісінің орынбасары
Смағұлова Майра Сәлімжанқызы