Ана-деген теңдесі жоқ сұлулық
Шұғыла көктемнің алғашқы мерекесі Қараөткел ауылы №6 орта мектебінде 10«А»
сыныбының ұйымдастырылуымен мектебіміздің акт залында мерекелік іс-шара
өтткізілді.Бұл өмірдің мәні де,сәні де аяулы аналарымыз .сондықтан мейірім
шуағын төккен абзал жандарды мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!!!
Ана –өмір .Әрбір жанның кішкентай ғана жүрегін
елжірететін,санасына сансыз ойлар ұялататын,көздеріне күн нұрыгдай сәуле
төгіп,езуіне жиылмас күлкі сыйлайтын «АНА» сөзінің мән-мағынасы зор.Сыныбымның
оқушылары мерекелік іс-шараға өте белсене қатысты.Оқушылар «Асыл анам» әнімен мерекеі бастады.Әр бір оқушыларымның
жүректен шыққан керемет лебіздері ,әдеби мантажларымен аналарын,ұстазларды
қуантты.Оқушылар көптеген өнерлерін көрсетті бірі би билесе,бірі домыра
тартып,қазақ биімен арықарай жалғастыра берді.Ұстаздарға,аналарына ойындар
ұйымдастырып бәрімізді бір марқайтты. «Анашым»әнімен аяқтады.Оқушыларыма әрине
алғысым шексіз.Бір қуантарлығы оқушылардың анаға деген құрметі ерекше деуге болады.Ана
... үш әріп,екі буын,бір сөз.Көп сөздің бірі десекте болады.Бірақ ана сөзін
киелі етіп алатынымыз оның мән-мағынасы ,мәйегі.Расында ана сөзінде тебіреніске толы сезім,ана шапағаты,махаббаты,мейірімі
көрініс береді.Ақының да,бат ырың да,басқасы да бәрі анадан туған.Сол анаға лайықты
құрметті көрсете білуіміз керек.Анасы бар адамдар -ешқақан қартаймайды.Анасы
бар адам-әлемдегі ең бақытты адам.
10 «А»сынып
жетекшісі
Умирхан Айнаш