Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де
“Негізі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың төлнұсқаларын беру” мемлекеттік қызметі көрсетіледі. Аталған қызметті алу үшін төмендегідей құжаттар тапсырылады:
1) құжатты жоғалтқан немесе бүлдірген білім алушының немесе кәмелет жасқа толмаған баланы ата-анасының (заңды өкілінің) негізгі орта және жалпы білім беру ұйымы басшысының атына осы қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес өтініші;
2) білім алушының туу туралы куәлігі немесе жеке куәлігі (паспорты) және (немесе) цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) ;
3) тегі (аты, әкесінің аты(болған жағдайда) өзгерген және білім туралы құжат бүлінген жағдайда білім туралы құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі.