25.04.2024ж күні негізгі PISA-2025 халықаралық зерттеуіне біздің мектебіміз түсіп отыр, сол себепті биылғы оқу жылында осы зерттеуге дайындық есебінде биылғы жылы апробацияға қатысқа болатынбыз. Осы жолы жастары бойынша емес жалпы мектебіміздегі 2008 жылғы оқушылар арасында алынды. Бұл зерттеуде математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, жаратылыстану сауаттылығы пәндері бойынша 2 кезеңнен тұратын тест алынды, деенменде тапсырмалары жаратылыстану сауаттылығына басым болды. Бірінші кезең 60 минут уақыт алды кейін 10 минут үзіліс кейін екінші кезең 60 минут уақыт содан кейін 10 минут үзілістен кейін оқушыларымыздан сауалнама 30 минут (анкетирование компьютерде) алынды. Екі кезең бойынша тест онлайн түрде алынды оқушыларымыз тапсырып болғаннан кейін жауаптар жүктеліп бірыңғай базаға жіберілді. Біздің мектеп бойынша барлығы 64 оқушы яғни 2 аудитория дайындалды екі ауысымда өтті, себебі бір партаға 1 ғана оқушы отыруы тиіс болды. Жалпы тізім бойынша оқушыларымыздың барлығы дерлік тестілеуге қатысты, 1 оқушымыз денсаулығына байланысты қатыса алмады. Жалпы зерттеу қорытындысы екі жыл шамасында белгілі болады.