Биылғы оқу жылы қыркүйек-қазан айларынан бастап мектебіміздің ұстаздары оқушыларымен бірлесе отырып тақырыптарын таңдап мектепішілік кезеңге қатысу үшін сұраныстарын беруде, мектепішілік ғылыми жоба байқауына жалпы саны 11 оқушы қатысты. Мектепішілік «Зерде» 1-7 сыныптар арасында және «Дарын» 8-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды, қазылар алқасының шешімі бойынша мектепішілік кезеңде І және ІІ орындарды иеленген 6 оқушы аудандық ғылыми жоба байқауына қатысып өзі жұмыстарын ортаға алды. Аудандық байқау нәтижесінде 2 оқушымыз облыстық кезеңге жолдама алды. Олар: 3 «А» сынып оқушысы Усенова Саяна «Қызыл ірімшік сарысуынан түрлі тәтті жасау» тақырыбымен жетекшісі Самихан Бимара және 1 «Ә» сынып оқушысы Ибрагим Інжу «Ұмыт болған ұлттық ойын Бестемше» тақырыбымен жетекшісі Алек Хасен. Облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларымыз мектепішілік кезеңде І орындарды иеленген еді. Алдағы оқу жылына оқушыларымыз бен жетекшілеріне сәттілік тілейміз!