Текст
Мамырдың 25-і күні Қараөткел ауылы №6 орта мектебінің оқушыларына тұңғыш рет онлайн-соңғы қоңырау соғылды. Білім ордасының оқушылары 2019-2020 оқу жылымен үйден қоштасты. Мектеп директоры Ахмет А.Қ. оқушыларға, ұстаздарға, ата-аналар мен биыл мектеппен қоштасқан түлектерге видеоқұттықтау арнады, мектеп директорының оқу ісінің орынбасары Салменова М.А. 2019 – 2020 оқу жылын аяқтау бұйрығымен таныстырды. Барлық сыныптарда "Сыңғырла, соңғы қоңырау" атты онлайн тәрбие сағаттары өтті.