Текст
Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Астана қаласында «Еңбек әлеміндегі әйелдер: жаңа шешімдер уақыты» атты Қазақстан жұмысшы әйелдерінің І форумы өтеді. Форумды Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Халықаралық еңбек ұйымымен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Кәсіподақтар федерациясының Медиа орталығы «Еңбегімен еленген арулар» айдарын жалғастырып, оқырмандарды Форум делегаттары – түрлі кәсіптің көрнекті өкілдері, өз саласының мықты әрі сенімді мамандарымен таныстырады.
Қазақстан жұмысшы әйелдерінің І форумына мектебіміздің кәсіподақ ұйымының төрайымы Уалиева Улболсын Калиевна Целиноград ауданының өкілі ретінде қатысады.