"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села Караоткель отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мы в соц. сетях

   - Instagram

   - Facebook


«    Маусым 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

04.02.2017

                        

Тәуелсіздікке- 25 жыл

Мақсаты:

Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы   ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларғажелтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.

Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: шарлар, түрлі жайма қағаздар.

Кіріспе

-Қазақстан Республикасының гимні. Хор.

(Боран, дауысы).

Мұғалім сөзі

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

-Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздіктің 25 жылдығына  арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Асау аттай өз тізгінін бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан төрімізге төрледі.

Оқушылардың   сөзі  

1986жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар

алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты ө

көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар айтылды.

 Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды

қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді.

Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат

Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.

1-оқушы: Дильназ

Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,

Алатаудың көзінен де жас тамды.

Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.

Тәуелсіздік күресі енді басталды.

 

4-оқушы  Руслан

Намыс үшін күрессең мазақтар кім?

Құлға айналу азабы азаптардың.

Қаны төгілді желтоқсан алаңында,

Бодандыққа көнбеген қазақтардың.

Көрініс

-Қайрат пен тергеуші

Тергеуші:

-Сен

13-желтоқсан

күні, сағат 10-да қайда болдың?

Қайрат

-Жолдастарымен

бірге Фурманов көшесінде

Тергеуші

-Жоқ сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Совецкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оны өлтірген.

Қайрат

-Мен оны көргенім жоқ

Тергеуші

-Ақымақ, сен оны өлтірген! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар.

Қайрат

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген затым бар.

Қазақ деген атым бар.

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар… (сүйреп әкетеді).

-Желтоқсан желі өлеңі орындайтын,

5-оқушы Әлнұр

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты ұшқан күн.

Жанын таппай бір шындық

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Мұғалім сөзі

-Дүниені дүр сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22 ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы егемендігі үшін күресті. .

6-оқушы Ақеділ

Өктем билік қаралады, даттады,

Бірақ Алла ақиқатты жақтады.

Назарбаев атамды жұрт қалады.

Түсті амалсыз Колбин деген атақты.

7-оқушы Бақдаулет

Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,

Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.

Содан барып, тоңды еріді кеңестің

Содан кейін еркіндікті бастадым,

8-оқушы

Сол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.

9-оқушы  Гүлназ

Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,

Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.

Отан үшін отқа түссең күймейсің,

Ізбасары болмай елге жақпаймыз.

10-оқушы  Жансая

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9-желтоқсан

Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша

ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа

желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.

Желтоқсан құрбандарын еске алайық (1-минут үнсіздік)

Хор Атамекен.

11-оқушы Ерсін

Астана біздің сәніміз,

Білім біздің нәріміз

Азат елдің тірегі

Болайықшы бәріміз.

Нұр атаның жолдауы

Халықтың оны қолдауы

Бақыты үшін елінің,

Болмайды еш сөз дауы!

Тәуелсіздіктің шыңы

Тұрсынбек

1.1991ж. 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды.

2.1992ж. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді.

3.1993ж. 15-қарашада –Ұлттық Валюта теңгенің енгізілуі.

4.1995ж. 30-тамызда Жаңа конституция қабылданды.

 

Хормен: Егемен Қазақстан  

12-оқушы Елдос

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О тәңірім бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып, тұр.

13-оқушы Иманали

Желдей еркін, түздей кең қандай азат,

Мен қазақпын деген де қандай ғажап.

Мақтан етсін халықтар халықтығын

Жетер сан жыл шеккені азап.

14-оқушы Жарас

16-желтоқсан Тәуелсіздік алған күн,

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.

Жасай берсін ұлы күн,

Үміті боп елінің.

15-оқушы Фариза

Жарқырап атар таңы бар,

Жарқылдап айтар әні бар.

Әні бар, теңіз дәні бар,

Айналдым сенен Отаным!

16-оқушы Ислам

Жүрегі толы отпенен

Арманмен өсіп көктеген

Ертеңге нұрлы беттеген

Айналдым сенен Отаным!

17-оқушы Алтынбек

Біздің қазақ мықты ғой,

Тәуелсіз ел атанған.

Желтоқсан деген көтеріліс

Жан аямау Отаннан.

Сескенді бүкіл өктемдік,

Жеңіске сол ғой жеткендік.

Орыс боп кете жаздаған

Кеңестік кезді жек көрдік.

18-оқушы Іңкәр

Елім барда еңсем биік менің де,

Өйткені мен жүрмін туған жерімде.

Тілім, дінім досым, барлық бауырым

Бәрі менің жүрегімнің төрінде.

19-оқушы Димаш

Елім барда, мен де бармын өмірде,

Жұлдызың боп жарқырармын көгінде

Отан үшін, елім үшін от кешем,

Батырлық бар, қорқақтық жоқ тегімде.

Дос

Елім бар да мен бақытты ұланмын.

Елім сүйсе, сенімінен шығармын.

Елім менің көтермесе елдігін

Намысымның биігінен құлармын.

Мұғалім сөзі

-Иә төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып,

елімізде «Тәуелсіздік таңы» атты. Ендеше Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын, деп тілейік.

  Хор

 Қазақстан әні.

 

 

Просмотров: 937


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст