Қараөткел жастары ХХҮІІІ
бүкіләлемдік қысқы
универсиаданы қолдайды
Қараөткел ауылы №6 орта мектебінде ХХҮІІІ бүкіләлемдік қысқы универсиаданы қолдау барысында жылдағы дәстүр бойынша «Бізідң олимпиада» ұранымен мектеп оқушыларының спорттық олимпиадасының ашылуы салтанатты түрде 1 ақпан күні өтті. Олимпиадаға 6-10 сынып оқушылары қатысты. 9 құрама команда белсенді түрде келіп, қатысып өз өнерлерін көрсетіп, шығармашылық жұмыстарын қазіргі кезде өтіп жатқан Универсиада тақырыбында қорғады.
«Біздің олимпиада» туы салтанатты түрде кіргізіліп, жоғары көтеру мәртебесі мектебіміздің 10-сынып оқушысы «Үздік спортшы-2016» номинациясының иегері Бақытхан Жанат және 9-сынып оқушысы мектепішілік, аудандық, облыстық жарыстардың жеңімпазы Салымбаева Сағадатқа берілді.
Алдағы уақытта оқу жылының соңына дейін мектеп оқушылары арасында жеті түрлі спорттық ойындардан: волейбол, баскетбол, үстел теннисі, шашки ойыны, кермеге тартылу, асық ойыны, қазақ күресі жарыстар өтеді. Осы жеті түрлі спорттық ойындардан жарыстар өтіп командалар арасында жеңімпаздар анықталып, мадақтама қағаздарымен марапатталады.
Оқушылардың бос уақыттарын тыйымды пайдалану үшін және ХХҮІІІ бүкіләлемдік қысқы универсиаданы қолдау барысында ұйымдастырылған оқушылар
олимпиадасы өз деңгейінде өтуіне өз үлестерін қосатын мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімдері. Осы іс-шараны ұйымдастырып өткізуге белсенді ат салысқан, өту барысының авторы, мектебіміздің мұғалімі Маханов Қуантай Қонысбайұлы.
Бүгінгі мектеп оқушысы, ертеңгі көк туымызды жоғарыдан желбіретер азамат, азаматшалар осы Қараөткел ауылынан шықпасына кім кепіл. Таланттылар талабына нұр жаусын.
Қараөткел ауылы №6 орта
мектебінің
тәрбие ісінің орынбасары
Салменова М.А.