Біздің жүлде
«PIaton» Халықаралық білім дамыту орталығы 2017 жылдың 4- жұлдызынан қаңтар айының 21-і аралығында, бала бақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушылары аралығында Республикалық «Қолөнер – Ұлттық мұра» атты Қолөнер байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты: қолөнер кәсібін дамыту, дарынды шеберлерді іздестіру және қолдау, бүлдіршіндерді қолөнерге бейімдеу, жас балғындардың қолөнеріне деген қызығушылығын
арттыру,шығармашылық қабілеттерін одан әрі дамыту.
Байқауға Қараөткел ауылы №6 орта мектебінің 6 сынып оқушысы Өмірбек Нұржігіт «Ағаш өңдеу.Себеттегі алма » (жұмыс атауы бойынша) қатысып, жүлделі I орын дипломды
иеленді. Жетекшісі еңбек пәнінің мұғалімі Мухидинов Серік Сұлтанович мадақтама қағазымен марапатталды.
Мектебіміздің мәртебесін асқақтатар шәкірттеріміз көбейе берсін.
Қараөткел ауылы № 6 орта мектебі
Еңбек пәнінің мұғалімі
С.С Мухидинов