"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села Караоткель отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мы в соц. сетях

   - Instagram

   - Facebook


«    Маусым 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

07.02.2017

Сабақ тақырыбы:

«Алатау»  Ермек Өтетілеуұлы

Сабақтың мақсаты

Оқушылар Қазақстан таулары туралы білімдерін

тереңдетеді

Оқу нәтижесі

Алатау мен Алматы туралы білімді меңгереді және топтық жұмыс жасай алады

Түйінді идея

Отанына,туған жеріне,еліне деген сүйіспеншілігін

жеткізу

Сабақтың барысы:

2мин

Ынтымақтастық атмосферасы

1-слайд

Иіліп сәлем бердік, Атқан күнге!

Иіліп сәлем бердік, Қонақтарға!

Иіліп сәлем бердік, Ұстаз сізге!

Иіліп сәлем бердік, 

Достар бірге!

Мұғаліммен қосылып айтады

5 мин

Үй тапсырмасын тексеру

2-слайд

Сыншы бала мәтіні бойынша үй тапсырмасын тексеру

1.Мәтіндегі бала туралы не білгің келеді?

 2. Сөздік

жұмысы. «Бір күні  бала тұлпарға мініп

еліне  тайып отырыпты»

Тайып отырыпты- 

--------------

3.Тиісті сөз мағынасын сызық арқылы қос.

Жат  жұрттық                    

Жағымсыз мінез құлық

Жат қылық                       

 Бөтен ел адамы

Жат елде                            

Бөтен адамның алдында

Жат адамның алдында      

Бөтен елде

4.Мәтіндегі оқиға қай заманда болған?

Оқушылар 

дәптермен жұмыс істейді

8мин

Қызығушылықты ояту

3-слайд

-Біз қай елде тұрамыз?

-Біздің кең байтақ жерімізде нелер бар?

-Қандай тауларды білеміз?

Біздің ұлан ғасыр кең жерімізде  биік таулар, өзенде мен терең теңіздер бар.

Сол үкен таулардың ең үлкені –Алатау. Алатау –Орталық Азия

Мемлекеттері мен Ресей федерациясының Сібірдегі  тау жоталарының жалпы атауы. Оларға Күнгей

Алатауы, Жоңғар Алатауы, Іле Алатауы жатады. Алыстан қарағанда  тау басындағы ақ қар мен мұздықтар  тау жоталарына ала түс береді.

Алатаудың етегінде Алматы қаласы орналасқан. Тауда

әртүрлі  жабайы жануарлар мекен етеді.

Тау етегінде  қалың қарағайлы  шыршалы орман бар. Алматы қаласының апорты

әлемге әйгілі.

Сұрақ-жауап

15 мин

Мағынаны тану

4-слайд

Автор туралы мәлімет

Е.Өтетілеуов (1938-2006)

1 қаңтарда Ақмола қаласында туған. Абай атындағы Қазақ

педагогикалық институты факультетінің  орыс

тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген.

1962 -1964 ж.ж. Целиноград (қазіргі    Ақмола)облысы, Қорғалжын аудандық

газетінде қызмет істеген. 1964-1974 жылдары республикалық

“Балдырған”журналында 1974-1976  ж.ж  “Жазушы баспасында” редактор, ал 1976  жылдан “Жалын” баспасында  аға редактор, бөлім меңгерушісі болып істеді.

Өлеңді мәнерлеп оқу

Оқушыларға оқыту

Топпен жұмыс

1-топ  Алатаудың

суретін салу.

2-топ  Тауда мекендейтін  жануарлар мен өсімдіктерді  жазу.

3-топ  Өлең

шумақтарындағы Алатау тауына байланысты теңеулерді табу.

Балаларға арналған әңгіме  жазатын жазушы өмірімен таныстыру

2мин

Сергіту сәті

5- слайд

Сергіту сәті

«Алатау»  күйіне  би ырғақтары

Оқушының көңіл-күйін көтеру

2мин

Сөз жаса ойыны

6-слайд

Алатау сөзінен жаңа сөздер жасау

Оқушының 

тапқырлығын дамыту

7 мин

Ой толғаныс

7-слайд Қазақстан 

тауларының суреттері.  Апорт,  Медеу сөздерінің Алатаумен қандай байланысы

бар?

-Алатаудың етегінде қандай қала орналасқан?

  Ермек

Өтетілеуұлының  осы тарауда тағы

қандай  өлеңін өттік?

-Тау туралы қандай мақал білесіңдер?

Еліміздің табиғаты туралы білімін

кеңейту

2мин

Диагностика

«Сұрақ тақтасы»

«иә»  «жоқ»

 

8-слайд

1. Алатаудың басында үнемі қар жатады?

2. Алатаудың қары 

көктемде ериді.

3. Бүркіт  тек

қана тау құсы.

4. Алатаудың етегінде Алматы орналасқан

5. Алматы 1928 жылы астана болды.

6. Астана қаласы тау бөктерінде орналасқан.

7. Алматы қаласы 70 жыл қазақ елінің астанасы болды.

8. Алатау бөктерінде 

жеміс ағаштары өспейді.

9. Тауда бүркіт, жапалақ, ұлар, үкі мекендейді.

10. Тау, өзен, аң, құс, адам тірі табиғатқа жатады.

«иә»

«жоқ»

 жауаптарын  береді

1мин

Үй тапсырмасы

9-слайд

Ұнаған шумақтарын жаттау.

Өлеңде сипатталған 

таудың суретін салу.

Әдебиеттік оқуды бейнелеумен байланыстыру

1 мин

Кері байланыс

10-слайд «Бағдаршам» арқылы

Жасыл -  жақсы

түсіндім

Сары - орташа түсінбедім

Қызыл - түсінбедім

Оқушылардың білімін бағалау

 

Просмотров: 1143


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст