1 жүргізуші:Құрметті мұғалім мен оқушылар біз бүгінгі
Сыпайылық туралы сырласайық атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.Сыпайылық
адам негізінің бір бөлігі сыпайлық адам бойында әрқашан да болуы керек.
2 жүргізуші:Сыпайылық әр адамға жарасатын қасиет.Ол ұл
балағада,қыз балағада жарасатын қылық.Ата-бабамыздан келе жатқан сөз бар сыпайылық
алдында сүйек жатсын деген сөз бар оқушылар бұл сөзді қалай түсінесіңдер.
1 жүргізуші:Балаларға сұрақ қоямыз.
1)Қазақ қашанда қызын төрге шығарып,гүлге теңеп өсіргенді қалай түсінесің?
2)Мектептен үйге жүгіріп бара жатқанда,үлкен кісі
алдыңнан шықса сен не істер едің?
3)Жалпы сыпайылық
дегенді қалай түсінесіңдер?
4)Жалпы сендер біреуге сыпайылық көрсеттіңдер ме?
2 жүргізуші:3 топ өзінің топтарын таныстырады және неге
олай қойғанын түсіндіреді.Балалар сәттілік.
1 жүргізуші:Балалар
мақал айтып жарысады.Сыпайылыққа байланысты
мақал айтады.
2 жүргізуші:Балалар өз шығармашылығын оқиды.
1 жүргізуші: Сыпайылық туралы балалар диалог құрайды.
2 жүргізуші:Сыпайылық
ол адам бойындағы ең жақсы қасиет.Әр адам сыпайы болуы керек.Әр қасиет
сыпайлықтан басталады.
1 жүргізуші:Балалар 5 минутта көрініс көрсетеді.Ол
көрініс сыпайылық туралы болуы керек.
2 жүргізуші:Әр топтан 2
баладан суреттерін түсіндіреді.
1жүргізуші. Әдептілік қағидалары сан алуан,
солардың негізгілеріне қысқаша тоқтала кетсек:
Әдепті адам өзінің белгілі бір адамды жек көретінін байқатпайды және шамадан
тыс ұнатқандық сезім де білдірмейді, өйткені мұның өзі айналасындағылардың
көңіліне келуі әбден мүмкін.
2 жүргізушіТаныс адамды ыңғайсыз жағдайда
көріп қалғанда, оны байқамаған сыңай білдіріп, мұны ешқашан оның есіне салмау,
әрі басқа ешкімге айтпау әдептілік болып табылады. Адамның қоғамға зиян
келтірмейтін кемшіліктері мен әлсіз жақтарын басқалардың алдында әшкерелемеу
керек. Кемтар, кекеш, саңырау, ақсақ және т.б. адамды сырттай болса да күлкі
қылу және келеке ету әдепсіздік қана емес, сондай-ақ дөрекілік те. Мұндай
қалдегі адамдарға ерекше ілтипат және жанашырлықпен қарау керек. Жанашырлықты
әдептілік сезімі билеуі тиіс.
1 жүргізушіСұрақ: соңғы сөйлемді қалай ұғамыз?
2 жүргізуші. Жасы үлкендердің арасында адам өзін-өзі ұстай білуі және
қимыл-әрекет мәнері жөнінен құрбы-құрдастары арасында болғандағысынан гөрі
әлдеқайда жинақы болуы керек. Бұл арқылы ол үлкендерді құрметтейтінін
көрсетеді.
1жүргізуші: Тұрғанда тікесінен тік, бірақ емін-еркін тұруы қажет. Аяқты
олпы-солпы басып, қалай болса солай теңселе ырғалаңдай жүруден аулақ болу
керек.
2жүргізуші. Көшеде кісілерге дөрекі қарап, олардың сырт бейнесіне күлу
сыпайылық емес. Үнтаспаны елге естіртіп жүру, жүріп келе жатып тамақ жеу,
жарамсыз билет және қажетсіз нәрселерді көшеге тастай салу әдепсіздік болып
табылады.
1жүргізуші. Қоғамдық көліктерде
мүгедектерге, балалы кісілерге, аяғы ауыр әйелдерге, ересек кісілерге орын
беріледі. Ер балалар отырып, қыздардың түрегеп тұруы ерсі көрінеді.
2 жүргізуші. Иә, әдептілік әдебі осы сияқты инабаттылық үрдістері болып
табылады. Әдептілік бұзылса, халықтық дәстүр де бұзылады, ұлттық намысқа нұқсан
келеді. Әдеп сақтау ұлттық тәртіпке, ережеге амалсыз бағыну емес, қайта сол
заңдарды құрметтеу, қастерлеу, адамгершілік борышты өтеу болып табылады.
Әдептілік
әліппесі
1
жүргізуші. Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ-табақты,
2 жүргізуші:Пышақты
ұста оң қолмен,
Шанышқыны сол қолмен
Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.
1жүргізушіСаусағыңды
сормағын,
Салдыр-салақ болмағын
Салма аузыңа инені,
Үзбе жұлқып түймені
2жүргізуші:Ашуланбай,
долданып,
Жауап бергін ойланып
Құр бекерге қылтима,
Болмашыға бұртима,
1жүргізуші:Іштарлыққа
жол берме,
Бақталастық білдірме,
Мақсат қоймай алдыңа,
Қыдырып, құр қаңғырма!
2жүргізуші;Сыйлап
үлкен кісіні,
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақта көше тәртібін,
Бағдар шамның ал «тілін»
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
2 жүргізуші:Бір баланың көзін жұмамызда бір бала бір сөз айтады да сол кім екенін айтады
және де өз дауысын өзгертіп айтады.
1 Жүргізуші:Бүгінгі
сынып сағатын аяқтаймыз.