"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села Караоткель отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мы в соц. сетях

   - Instagram

   - Facebook


«    Маусым 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13.02.2017

Чемпиондар арасында кім болғым келеді?

Спорт- денсаулық кепілі. Оның өміріміздегі алатын орны ерекше. Бағалы байлығымыз

денсаулығымыздың кепілі болып отырған осынау бір киелі іске кімніңде болмасын

делебесі қозбай қоймас. Спорт менің түсінігімде өз мықтылығын, жігер- қайратын

мәдени түрде сыртқа көрсету. Сол арқылы өзін рухани тұрғыдан да, жан мен тән

тән саулығынан да қуатты етеді. Жастайыңнан спортты серік етіп, салауатты өмір

салтын ұстану бұл өзіңнің денсаулығыңның нығаюына, ғұмыр жасыңның ұзақ болуына

жетелейді. Күнделікті дайындық, жаттығулар өзіндік күш қуатын беріп, жарыс

жолында жеңіске жетуге септігін тигізеді. Шыңдалған жігерлі, қайралған намысты

ұл- қыздарымызды спортқа тәрбиелеуіміз қажет. Себебі, спорт әлсіздікті жеңіп,

қайсарлыққа тәрбиелейді. Спорттың өміріміздегі орны яғни тигізер пайдасы да

орасан. «Ауырып ем іздегенше, ауырматын жол ізде»- демекші ауырмайтын жолды

спорттан табамыз. Спорттың қай түрі болмасын дене қимылына салып, сергектікке

жетелейді. Спорттың түрлері тек бүгінгі күн тұрғысынан өлшенбейді. Халқымыздың

ұлт болып ұйысып, халық болып қалыптасу тарихы тереңге кетіп жатқанын

ескерсек,біздің ұлттық болмысымызға негізделген спорттық ойындардың сан түрлері

соншалықты ертеден бастау алады.

Тамыры 1905 жылдан бастау алатын дүниежүзілік қысқы универсиада ойындарын өткізу мәртебесі елімізге тиді. Бүгінде оңтүстік астанамыз Алматы қаласында  28- қысқы универсиада өтіп жатыр.

Универсиадаға 50 ден астам елден, 2000 дай студент жарысқа қатысуда. Бүгін 7-

ақпан, бүгінгі күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы, Ресейден кейін 2-

орында тұр. Универсиада  қарсаңында

қалада  «Алматы арена», «Халық арена» сынды тамаша сәулет өнері бой көтерді. «Қанатыңды кең серпі» -деген ұранмен спортшыларды шабыттандыруда.  «Ақ сұңқар»

универсиаданың басты символы болып саналды. Ал ең басты алау, бір күн бұрын

тұтанған болатын. Осыларды көре отырып, мына біздер шабыттанамыз,қуаттанамыз.

Тәңірдің берген сыйы болдыма, Жетісудың көркем табиғаты бауырына медеудей мұз

айдынын сыйғызып, қысқы спортқа қажетті трамплиндердің салынуына ықпал етті.

Құдды бір, универсиадаға арналған аумақ тәрізді, жарыс өтуге ыңғайлы да,

қолайлы мекен. Спорттық универсиада: фристайл, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек,

хоккей, шаңғымен сырғанау т.б түрлерімен сайысып жатыр. Менің арманым шаңғымен сырғанаудан чемпион болу.  Жасым  - 16 да, алдағы біршама уақытта, универсиада аяқталғаннан соң , жеңімпаз студенттер ізімен бәлкім қысқы спортқа да барып қалармын. Мақсат: жай ғана кеудеге медаль ілу емес, ондағы мақсат Еуразияның жүрегіндегі Қазақстанның даңқын асқақтату. Расында, мұндай жарыстардың елімізде өтуі әсіресе жастардың бойына ерекше рух, күш сыйлайды. Әсіресе, ауылдық елді мекендерде жүрген жастар болсын, болашақ осындай жарыстардың чемпионы боларына сенімдімін. Алға қойған

мақсатыма жету үшін, аянбай еңбек етіп, бар күшімді саламын. Осы бір спорттық

жарыстар арасында шаңғыны таңдаған себебім, өзімнің ішкі қызығушылығымның

арқасында туындаған спорт түрі. Алла қаласа, ендігі ақ олимпиада 2019 – жылы Ресейдің Кросноярск қаласында өтпекші. Кім білсін,  біздерде сол универсиадаға қатысыпта қалармыз. Бастысы  мақсатқа жету жолында, жалқаулыққа салынбай алға ұмтылу- болашақ чемпиондыққа жетелейді. Ал соңғы қорытынды бойынша Қазақстан құрамасы 2 – орынды қанағат тұтты. Жабылу салтанаты 8 ақпан күні болады.  Отандық студенттер

жарыстың басынан бастап, қарқындарын жоғалтпады. Барша елдің көзі бүгінде

Алматы қаласыда болып отыр.  Әлем аренасындағы еліміздің абыройы тағы да көтерілгендей, бастысы посткеңестік елдер арасында қысқы универсиадаға алғаш басшы болған қазақ елі. Тағыда бір қуанышты жайт, универсиадаға арналған шет елдік спортшылардың уақытша

қоныстары, енді универсиададан кейін мүмкіндігі шектеулі жандарға берілмек.

Еліміздің ақ олимпиаданы абыроймен атқарып шығарына сенімдімін, осының

негізінде 3000- ға жуық еріктілерде өз үлестерін қосуда. «Ұлт болашағы- дені сау ұрпақтың қолында» деген жолдар бекер айтылмаған. Жастары жалын жүректі, өршілде, қайсар халықтың – өзге елдермен терезесі қашанда тең. Ақ олимпиададан қалатын, спорттық аумақтар болашақ спортшы жастардың игілігіне жарай берсін!

Қанатыңды кең серпі!!! Алға Қазақстан!!!

Просмотров: 477


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст