"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села Караоткель отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мы в соц. сетях

   - Instagram

   - Facebook


«    Маусым 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13.02.2017

                            Чемпиондар арасында кім болғым келеді?

          Дүние жүзінде спорттың көптеген түрлері бар. Барлық адамға әр-түрлі спорт түрлері

ұнайды. Маған көптеген спорт түрлері ұнайды. Мысалы: баскетбол, шахмат, футбол,

коньки тебу және тағы басқалары, бірақ мен үшін ерекше спорт түрі – үлкен

теннис. Мен бұл спортты қатты жақсы көремін. Маған кішкентайымнан бастап, бұл

ойын ұнаған еді. Осы спорт барлық дене мен бұлшық еттерді қозғалтады. Әрине,

барлық спорт сондай емес, мысалы, шахматта адам отырып баспен ойлайды да,

жүрісін жүреді. Ал кейбір спорт түрлерінде мықтылық пен күш-жігер қажет.

          Менің ойымша, әрбір спорттың ерекшелігі мен кемшілігі бар. Егер футбол мен хоккейді

салыстырсақ, онда екеуінің ортақ нәрсесі ол – екеуінде де, аяқтың мықтылығы,

көздеу, жылдамдық пен топпен жұмыс керек. Футболдың ерекшелігі оның үлкен

аймақта ойнауында және оларда адам саны он бір, ал хоккейде алты адамнан

тұрады. Хоккейде тек конькимен жүру ғана емес, сонымен қатар қолдарында шайбаны

ұруға арналған таяқпен соғу бар.  Мүмкін, сендер «мен осы екі спорт түрін қайдан жақсы білемін?» деп ойлайтын шығарсыңдар. Менің екі інім футбол спортын қатты ұнатады. Сол футболда ойнайтын футболшылардың жақсысын таңдап, сол сияқты болғылары келеді. Ал хоккей спортын менің әкем жақсы көреді. Ол біздің Қазақстанның құрлықты хоккей лигасында өнер көрсететін «Барыс» командасына қолдау көрсетеді. Ол әлі бір ретте де осы ойнап

жатқан ойындарын теледидардан  жіберіп көрген емес. Міне, соған байланысты, әрбір адамның ұнататын спорты бар екенін айқындауға болады. Мен үшін, әрбір спорт түрі талпынуды талап ететін, алға қойған мақсатына жететін адамдарды тәрбиелейді.

          Егер маған бір сиқыршы келіп, «Чемпиондар арасында кім болғың келеді?»,  «қай спорттың чемпионы болғың келсе, сол тілегіңді орындаймын!» деп айтса, мен оған ешкімнің орнына чемпион болғым келмейтінін айтушы едім. Оның орнына, Дүние жүзінде спортшылардың саны көбейіп, спорт арқылы барлық ауруларды жоюын тілеуші едім. Спорттан чемпион болу қиынның қиыны болғандықтан шығар, ал  білім саласына байланысты атақты чемпион болушы едім.

          Біздің Қазақстанда чемпиондар толы. Чемпион болу үшін, көптеген сындарға төзу,

қайырымдылық, шыдамдылық, батылдылық, батырлылық, төзімділік, қайраттылық және

психологиялық жағынан сенімділік керек деп ойлаймын. Солардың бірі – Генадий

Головкин – бокстан әлем чемпионы. Мен үшін бокс ең қатал спорттың түрі болып

саналады. Мен ең бірінші рет боксты көргенде, қатты қорққан едім, өйткені, ол

үшін үлкен төзімділік, шыдамдылық керек және боксты теледидардан қарасаң да,

мен үшін өте қорқынышты. Егер мен Головкиннің орнында болсам, талып түсетін

шығармын деп ойлаймын. Менің ойымша, егер маған әлем чемпионы боласың десе,

онда мен үлкен сынға шыдамайтын сияқтымын. Өйткені, кәсіби спорт ең қатал

мамандықтардың бірі. Мысалы, бір гимнастшы қиын жарақаттанса, онда ол өзінің

спортшы мамандығымен қоштасуға тура келеді. Менің ата-анам әрқашан «өзіңе

ұнаған спорт түрімен шұғылдан, бірақ чемпион бол деп талап етпейміз, және, егер

чемпион болсаң, спорттың қиын екенін ұмытпа!» деп айтқан болатын. Негізінен, мен спорт туралы және спорт чемпиондары туралы мәліметтер көп білмеймін, бірақ спортпен айналысқанды ұнатамын. Менің көптеген туысқандарым, достарым чемпиондарға ұқсағысы келеді, бірақ мен ол туралы ойлаған жоқпын. Мен тек қана олардың шыдамдылықтарына ие болғым келеді.

          Үздік спортшыларға бапкерлері үлкен талап, мақсат қояды. Егер спортшы өз мақсатын

орындаса, бапкері мақсатын жаңартады. Чемпиондарға жанкүйерлері көп сенім

артады, сол үшін спортшылар соған қатты қобалжиді және соны ойлап жүреді.

Қобалжығанның кесірінен, көптеген спортшылар жанкүйерлердің сенімін ақтамай

қалады. Сондықтан бапкерлері спортшыларға психологиялық түрде көп көмек көрсетеді.

          Егер мен осы 2017 жылғы қысқы универсиада туралы айтсам, спортшылардың көбі үздік

көрсеткіштерге жетті. Спортшылар үлкен дайындықпен келгені көрініп тұр. Олар Қазақстан жерінде көрсеткіштерін жақсартып, жанкүйерлерді қуантты. Менің інілерім және әкем осы Универсиаданы қызықшылықпен барлық спортшыларға қолдау көрсетті. Әсіресе, олар біздің хоккейшілермізге қатты қолдау көрсетті. Ақырында, хоккейшілеріміз күміс алқаға ие болды. 2017 жылдың 8 қаңтарында 28-ші Қысқы универсиадада, біздің Қазақстан еліміз 11 алтын, 7 күміс, 8 қола жеңіп алды. Осы Қысқы универсиадада медальдар бойынша, 2-ші орынға ие болды. Бұл қазақ даласына, қазақ баласына үлкен жеңіс болып табылады. Келешекте біздің

спортшылар одан әрі дамып, біздің елімізді көркейтетіне кәміл сенемін! Мен де,

болашақта үлкен маман болып, жерімді дамытамын! Спортшы болмасам да, спортпен

айналысамын!

          Біздің Қазақстанымыздың дамуы біздің қолымызда екенін ұмытпайық! 

 

Орындаған: Самаратова Айшат

Тақырыбы: “Чемпиондар арасында кім болғым келеді?” 

Сыныбы:   9«А»                                                        

Просмотров: 463


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст