Менің кумирым
Бейбіт күннің батырлары өздерің,
Туды жықпай, ақтаған ел сенімін.
Мақтанамыз он бес жүлде орынмен,
Топты жарған әлем ойын тізбегін.
Есте қалар қазағымның жеңісі,
Есте қалар ұл мен қыздың өрісі.
Тарихымның беттеріне жазылып,
Үлгі алар кейінгі қарындас, інісі.
Жеңісімен қуантқан бізді әр балаң,
Мақсатына жете білген, жараған.
Ұлтың бөтен болғаныңмен жерлесім,
Туған жердің аппақ нанын ақтаған.
Елім деп соққан жүректерді көрдік біз,
Ұлы жеңіс әр жүрекке серпіліс.
Елбасының алғысына бөленіп,
Арта берсін спортқа деген құлшыныс.
Құтты болсын, қуанышым құтты елім!
Шаршы алаңда көрсеткен мықты шеберін.
Оқтай озып, шоқтай жанып, жарқырап,
Алып келген алтын менен күмісін.
Орындаған: Аманбай Айдана
Сыныбы: 9 «А»