Болашақ энергиясы
ЭКСПО – бұл бүкіләлемдік көрме. Бұл жаңа техникалық, технологиялық жетістіктерді көрсететін мүмкіндік.
Астанада бұл дүниежүзілік көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтілмек. Көрме «Болашақ энергиясы» деген атпен өтілуде. Көрмеге әлемнің әр түпкірінен
бірнеше миллион адам келіп қатысуда. Бұл іс – шараның мақсаты – болашақ ұрпақтардың өмірі үшін қажетті энергия көздері мен біздің ғаламшарымыздың барлық тіршілік көздерін сақтап қалу.
«Жақсыны көрмек үшін» дегендей бізде, яғни Қараөткел ауылы №6 орта мектебінің әртүрлі әлеуметтік топтағы отбасы балаларын алып көрмені тегін тамашалап қайттық. Балалардың көрмеден алған әсерлері керемет. Көптеген қызықты мәліметтер алды.
Көрмеде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерімен оқушыларды тәнті етті. Қазіргі таңда сұранысқа ие энергия көздерін алу мақсатындағы құрылғылармен таныстырды.
Энергия көздеріне жататын күн сәулесі, жер асты сулары, жел арқылы энергия алу сияқты мәліметтер балалардың көрмеге деген қызығушылығын арттырды.
Қазақ елі әлем жұрты мойындайтын елдердің алдында болып, туымыз биікте желбіреп, ұрпағымыздың болашағы жарқын болғай.
Қараөткел ауылы
№ 6 орта мектебі
әлеуметтік педагог: М.С.Смағұл