Келешектің кілті – латын әліпбиі»
«Латын әрпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік»
Нұрсұлтан Назарбаев
Қараөткел ауылы №6 орта мектебінде 07.11.2017жылы күні латын әліпбиіне
көшу тақырыбына байланысты «Келешектің кілті – латын әліпбиі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек
үстелдің мақсаты: Латын
әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір
қалыптастыру. Іс-шара барысында латын әліпбиіне көшудің ең басты
қажеттілігі – қазақ тіліндегі сөздердің айтылуындағы өзгерістер, ұтатын және
ұтылатын тұстары талқыланды.
Дөңгелек үстелді мектеп директоры Ахмет
Айтан Қабиұлы: «... қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру
жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін
терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан
бері мұқият дайындалдық.
2025 жылдан бастап латын
әліпбиіне көшуге кірісуіміз керек және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар
мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс» деген Қазақсатан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен дөңгелек үстелдің тақырыбын
ашып, бас қосуға қатысқан ұстаздар ұжымы өз пікірлерін ортаға салды.
Қазіргі уақытта латын әрпін қолдану, ең алдымен, уақыт талабы болып
отыр. Еліміздің латын әліпбиіне көшуі ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың
бірі. Себебі: қазіргідей қуатты мемлекетте өмір сүріп жатқан кезеңде біз халық
болып бұл жазуды қолдап алып кетпесек, өркениетті елдердің қатарына ілесе
алмаймыз. Өйткені, латын әліпбиі әлемдегі ең танымал жазулардың бірі саналады,
яғни, болашағы зор. Сондықтан Елбасының шешімін қолдап, оның ары қарай жүзеге
асуына үлес қосуымыз қажет.
Қараөткел ауылы №6 орта
мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі
Смагулова М.С