"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села Караоткель отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мы в соц. сетях

   - Instagram

   - Facebook


«    Маусым 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

20.11.2017

 

Сақтансаң сақтармын

 

      Қараөткел ауылы №6 орта мектебінде   Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын

еске алу күні шеңберінде «Қауіпсіз жол қозғалысы» аясында  іс-шара  ұйымдастырылды.

     

Іс – шараның мақсаты: жол оқиғалары

салдарынан қаза болу, жарақаттанудың жан түршігерлік ауқымына және барлық жол

қозғалысы қатысушыларының ықтимал қауіп-қатеріне назар аудару. Апаттылықтың

алдын алу. Іс-шара жоспары бекітіліп,жоспар негізінде жұмыстар атқарылды.

      13.11.17ж күні «Түсіністікпен қарау күні»

акциясы жүзеге асырылды, жергілікті полиция

қызметкерлері: капитан Ауғанбаев Роллан Каскарбекұлы және аға лейтенант

Өрнекбай Дінмұхамет Ержанұлы қатарын «Жас полицей

көмекшілері» ұйымының оқушылары толықтырып, біріге жұмыс жасады.  Бұл күні мектептің «Жас полицей көмекшілері»

ұйымының оқушылары жергілікті полиция қызметкерлерінің бір күндік жұмыстарымен

таныса отырып, хаттамалардың толтырылу ережелерімен, әрбір жүргізушінің өзімен

бірге жеке куәлік, көлік жүргізуші куәлігін, техникалық куәлік және техникалық

тексеруден өткендігі туралы анықтамасын, сақтандыру полисі сияқты  құжаттарын үнемі алып жүру керек екенін және

үнемі  қауіпсіздік белдігін тағып жүру

міндетті деген сияқты мәліметтермен танысты.

      Жол қозғалыс оқиғасы өздігінен

туындамайды. Ол қозғалыс ережелерінің қандай да бір талаптарын сақтамағандықтан

болады. Жол қозғалысы оқиғаларының сандары мен фактілерінде көптеген адамдардың

өмірі, тағдыры және денсаулығы тұрады. Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін

жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек

білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады.

Көше тәртібін сақтау- барлығымыздың міндетіміз! Егер жол ережесін бұзсақ, тек

өзімізге қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зиянымызды тигізеріміз һақ.

Сондықтан, әрқашан көше тәртібін есіңнен шығарма демекпіз.

Майра Смағұлова

Тәрбие ісінің орынбасары

Қараөткел ауылы

Просмотров: 506


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст