ӘДІСТЕМЕЛІК
КЕҢЕС ӨТТІ...
Қараша айының 11 жұлдызында Қараөткел ауылы, №6 орта мектебінде әдістемелік
кеңес өтті. Күн тәртібінде:
1.
2018
оқу жылында өтетін әдістемелік кеңес жоспарымен таныстыру, бекіту (ОІО Салменова М.А.)
2.
Әдістемелік
бірлестік жетекшілерін бекітіп, ӘБ құрамымен таныстыру, жұмыс жоспарын жасау (ОІО Салменова М.А.)
3.
Мұғалімдердің
жоспарларын (ҚМЖ қысқа мерзімдегі жоспар, ОМЖ орта мерзімді жоспар, ҰМЖ ұзақ
мерзімді жоспар) бекіту (ОІО Салменова М.А., мектеп тренері Өмірхан
А.)
4.
Критериалды
бағалау, оның білім сапасына әсері (Аскарова
А.Т.)
5.
ҚР жаңартылған білім беру бағдарламасын енгізу
аясында туындаған мәселелер туралы талқылау (бірінші, екінші, бесінші, жетінші
сыныптар бойынша) ( Ахметова Г.С.,
Туржанова Ж.Ш., Сатыбаева Р.И. Аскарова А.Т, Искакова С.К.) қаралды.
Күн
тәртібінің бірінші мәселесі бойынша 2017-2018 оқу жылында өтетін әдістемелік
кеңес жоспарымен оқу ісінің орынбасары Салменова М.А. таныстырды. Жыл бойы
өтетін әдістемелік отырыстар жоспар негізінде айтылып, таныстырылды.
Мектептің
әдістемелік тақырыбы: «Инновациялық технологияларды қолдану арқылы жеке тұлғаға
сапалы нәтижеге бейімделген білім беру»
Осы тақырып
негізінде әр мұғалім өзінің әдістемелік тақырыбын дайындады. Мұғалімдердің
жоспарларын (ҚМЖ қысқа мерзімдегі жоспар, ОМЖ орта мерзімді жоспар, ҰМЖ ұзақ
мерзімді жоспар) бекіту және жалпы түсінік беру үшін оқу ісінің орынбасары
Салменова М.А. және мектеп тренері
Өмірхан А. туралы түсінік берді. Жаңартылған бағдарлама бойынша өзінің сабақ
жоспарын ұсынып, тәжірибесімен бөлісті.
Білім
берудің қазіргі заман талабы - шығармашылықпен жұмыc жасайтын, бәcекеге
қабілетті, құзіретті тұлға тәрбиелеу.
Критерийлер
- оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс
барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалдық
бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың
оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған,
ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі
критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Критериалды бағалау, оның білім сапасына әсері туралы бастауыш сынып мұғалімі Асқарова А.Т.
толық мәлімет берді.
Білім
мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен
тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық
және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік
жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін
тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру
ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек.
ҚР
жаңартылған білім беру бағдарламасын енгізу аясында туындаған мәселелер туралы
талқылау (бірінші, екінші, бесінші, жетінші сыныптар бойынша) барысында қазақ
тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ахметова
Г.С., орыс тілі пәні мұғалімі Туржанова
Ж.Ш., бастауыш сынып мұғалімі Искакова С.К. өздері оқыған жаңартылған
бағдарлама бойынша мәліметтер берді, тәжірибе алмасты.