Целиноград ауданы Қараөткел ауылы №6 орта мектебінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
бағдарламасы
бойынша қараша айында атқарылған
іс – шаралар туралы хабарлама
Қараөткел
ауылы №6 орта мектебінде қараша айында мынадай жұмыстар атқарылды.
24.11.17ж күні «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында
10 «А» сыныбында, сынып жетекші Өмірхан Айнаштың жетекшілігімен « Рухани жаңғыру – өскелең ұрпақтың дара жолы» тақырыбындда ашық
тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларды Отанды сүюге, өз елін,
тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру
арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау.
24.11.17ж күні 11 сынып
оқушыларының қатысуымен және тарих пәні мұғалімі Айсакова Т.Қ ұйымдастыруымен “Рухани жаңғыру - Кемел келешекке қарқынды қадам ”атты дөңгелек үстел
ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің мақсаты: “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру ”
атты Елбасымыздың бағдарламалық мақаласының маңыздылығын оқушылардың санасына
жеткізу, ой пікірлерін білу.
27.11 – 04.12.17ж күндері аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күніне орай іс
– шара жоспары құрылды. Жоспар негізінде көптеген жұмыстар атқарылды. Сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының
мақсаты: Жас ұрпаққа елбасы
Н.Ә.Назарбаевты құдіретті тұлға екенін таныту. Елімізге еңсе тіктетіп,
мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының
абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгерту.
27.11.17ж күні 1 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай №6 орта мектеп
оқушылары арасында спорттың 7 түрінен
өтетін дәстүрлі «Біздің олимпиаданың» ашылуы болды.
Тәрбие ісінің
орынбасары: Смагулова М.С