"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села Караоткель отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мы в соц. сетях

   - Instagram

   - Facebook


«    Маусым 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

22.12.2017

ТОЛАҒАЙ» ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫСЫ

 

Тақырыбы: «Толағай» 

 отбасылық  сайысы.

Мақсаты: Оқушы мен

ата-аналарға  спорттық  ойындарды  орындата  отырып,

спортқа  деген  қызығушылықтарын  арттыру. Адам  жанының

 да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының  жақсаруы, салауатты 

өмір  салтын ұстануға   тәрбиелеу.

Түрі: Эстафеталық

ойын.

Өтілетін орны: Мектеп спорт

 кешені.

Көрнекілігі: Доптар, шар,

жалауша, кедергілер, шығыршық,жуа   т. б.

Жүргізуші:

Шынықсаң  шымыр боласың,

Сауығып  айдай толасың.

Спортты  серік ете біл,

Жақсы  азамат  боласың.

Жеңімпаз болу оңайма,

Арман  болған  талайға

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп  қалайда.

Құрметті ұстаздар,ата-аналар және

 оқушылар бүгінгі «Толағай» отбасылық

сайысымызға  хош  келдіңіздер!  «Білім марафоны» атты бастауыш  сыныптар

 аралығында   онкүндікке   ата-аналарымыз да ат салыса

келіпті.

Жарысқа

қатысатындарды  шақырамыз

Әр таңды бақытпенен

атырамыз

Өнерді ой көгінде

бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға

  Салкен Марленнің   отбасын    шақырамыз.

Ойнайық, та ойлайық!

Күшімізді 

көрсетейік, сынайық!

Жеңсең де, жеңбесең де

ренішсіз  болайық,

Қаймықпайық , көңілді  болып 

тарайық  деп ортаға Бакиргалиева

Альмираның  отбасын шақырамыз.

Денсаулық  басты

байлық өмірдегі

Нәр беретін  асыл

ғой  көңілдегі .

Салауатты 

өмір  салтын насихаттап,

Атанайық  жақсы азамат 

өңірдегі   дей келе  Сейтмұратұлы

Бақтиярдың  отбасын  шақырамыз.

Спорт біздің досымыз,

Күш қайратын 

сынға  алған.

Спорта біздің 

досымыз,

Бала кезден  шыңдалған

 деп Саилау Каусардың  отбасын  ортаған шақырамыз.

Жүргізуші: Тәлімді 

тәрбие  отбасынан  бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ.

Әр отбасында  ата-ана – шаңырақтың  негізгі  іргетасы 

болып  есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде  салауатты  өмір 

салтын  қалыптастыруда  әке мен ананың рөлі орасан зор.

Ал, құрметті халайық!

Жарысты 

енді  көріңдер

Әділ  қазы 

алқасы

Әділ  баға 

беріңдер!  Сайысты  бастамас  бұрын, сайысымызға 

әділ   баға  беретін әділқазылар   алқасымен 

таныстырайық.

1.    

Мектебіміздің

директоры: Ахмет Айтан Кабиұлы    

2.Тәрбие 

ісінің  меңгерушісі: Уалиева Ұлболсын Калиевна                                          

  3. Дене тәрбиесі  пәнінің  мұғалімі: Укубаев  Азамат   

____________________________________________

Спорттық  сайысымыз 5 балдық  жүйемен 

бағаланады.

 

 

 Сайыстың  бағдарламасы:

1.    

«Желаяқтар»

(кедергілер  арасымен жүгіріп,мәреге жеткенде келесі ойыншының қолын соғу

керек)

2.    

Егін егу,егін жинау

(жуаны ата-анасы егіп кетеді,балалары жинайды)

3.    

Қапшықпен секіру

(қапшықты киіп секіру,қайтарда жүгіріп келеміз)

4.Матрастан айналу (жүгіріп,матрастың үстінен

айналу,қайтарда тағы айналып келу)

5.Скалкалкамен секіру(әр топтан бір қатысушы шығып

секіреді)

6.Ракеткамен шарикты құлатпай  мәреге жету

 

7.Паравоз ойыны (бәрі

бірге жүгіріп,қайтып келеді)

8.Допты шеңберге салу.

Әр 

кезеңнен  кейін  әділқазылар   өз бағаларын  

береді. Құрметті  сайыскерлер!  Сіздерге   сәт сапар!

Сайысымызды 

 бастаймыз.

«Салкен Марленнің   »

тобын  ортаға  шақырамыз

Топтың  ұраны:

  Бәріміз  біріміз  үшін!

Біріміз бәріміз үшін.

«Бакиргалиева Альмираның  »  тобын 

ортаға  шақырамыз

Топтың  ұраны:

Біз  әрқашанда  мықты

Бәрін 

жеңіп  шықты

«Сейтмұратұлы Бақтиярдың  »тобын 

ортаға  шақырамыз

Топтың  ұраны:

Шынықсаң шымыр боласың,

Толысып айдай толасың.

«Саилау Каусардың  » тобын 

ортаға  шақырамыз

Топтың  ұраны:

Біз  шымыр  сергек  денеміз,

өнер 

сүйер   өренбіз.

Жүргізуші:

Жарыс  заңы 

ежелден -

Жеңімпазды 

анықтау

Жеңімпаз болу шарты

сол -

Еңбектену, жалықпау

Біреу озса 

сайыста,

Біреу 

артта  қалады

Жеңілгендер 

ренжімей

Тараса бізге 

жарады

Демекші 

сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап,

марапаттау сөз  әділқазыларға  беріледі.

Өнерсіздік зор айып,

Ән мен биге басайық.

Арасында тағы бір,

Би  мен шашу

шашайық

Ән: «Толағай» 2 -сынып оқушылары

(Әділқазылардың 

ұпайларын  тыңдау)

І орын : Салкен Марленнің

отбасы иеленді

ІІ орын: Бакиргалиева

Альмираның отбасы  иеленді

ІІІ орын: Байбалкен Арман мен Сайлау  Кәусардің отбасылары иеленді

Жүргізуші:

Уа, халқым  назар аудар  денсаулыққа!

Өмірде 

бақыттысың денің сау да.

Денсаулық терең бақыт

деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай

данамыз да демекші

Құрметті 

қонақтар! Келгендеріңізге  көп-көп рахмет.

 

  Ұйымдастырған

Қараөткел №6 орта мектебінің                                                   

2 «Ә» сынып мұғалімі :Тапалова К. К.

 

Просмотров: 890


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст