Елбасының
жолдауы – жақсылықтың бастауы
Күні кеше Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауына байланысты
республикалық телеарналардың эфирінен мәлімдеме жасады. Онда Қазақстан әлемдегі
түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет
алғанын атай келе: "Еліміздің 2050-ші жылға дейінгі ұзақ мерзімді
Даму стратегиясы жүзеге асырылуда. Жүз нақты қадам Ұлт жоспары аясында біз
реформаларды жүргізіп келеміз" - деп бастады, жолдаудың кіріспесін. Әрі
қарай ойын былай жалғағанына куә болдық: Бүгінде әлем Төртінші
өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік
салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.
Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс
істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды,
балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде.
Осы
жолғы жолдауда еліміздің 10 негізгі бағытта дамуына басымдық берілетінін көрсетіп
берді. Ондағы жетінші міндет адам капиталының жаңа сапасына қатысты. Бұл бағыт
таза педагогикалық қызметкерлер, яғни бізге қатысты. "Білім жүйесінің
барлық деңгейі қазіргі заман талаптарына, экономика қажеттіліктеріне жауап
беруі тиіс», деп. Мұғалім мамандығының беделін көтеру керектігін атап көрсетті.
Елбасы жолдауы ертеңгі күнге
деген сенімімізді нығайта түсері һақ. Қазіргі таңда Қараөткел ауылы №6 орта
мектебінің мұғалімдері өздерінің іс-тәжірибелерін
жаңаша дамытуға бетбұрыс жасауда. Мектебімізде жаңартылғын бағдарлама бойынша бірнеше ұстаздар курстан өтіп
келген, заман талабына сай жаңа әдіс – тәсілдерді
игерген, жаңа форматты мұғалімдер саны артуда. Мектебіміздің мұғалімдерінің
аудан, облыс бойынша жетістіктері мол. Бұл мектеп ұжымының мақтанышы. Осындай
жетістіктерге толы мектебіміз бүгін де белсене жұмыс жасап, шәкірттердің
жан-жақты тәрбиеленуіне күш салуда.
Ең жақсы адам – қоғамға пайдасы тиген пенде
демекші, Елбасымыздың саясатын көп болып қолдап, жарқын болашаққа батыл
бетбұрыс жасауымыз керек. Қатал қыстың қиындығынан шыққан халықты жадыратып,
Табиғат-Анаға айрықша құдірет сыйлайтын, жаңару үдерісі басталатын кезең көктем
емес пе?! Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігіміз – біздің жаңарған көктеміміз!
Бұл – мемлекеттің де, халықтың да қарышты қадамдармен алға басатын шағы! Елдің
ең бағалы игілігі – оның тұрғындары, Қазақстан халқы. Елбасының басты мұраты –
елді алдыңғы қатарлы мемлекеттер легіне қосу, қазақ халқын өркениет биігіне
көтеру. Нұрсұлтан Әбішұлы осы жолда асқақ арманмен, қажырлы қайраткерлікпен,
талмас табандылықпен, шалқар шабытпен қызмет атқарып келеді. Тарихта елін өрге
сүйреп, өшпес із қалдырған тұлғалар аз емес. Осы кезеңнің тарихи тұлғасы, ұлы
басшылардың бірегейі – Елбасымыз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев.
Қараөткел ауылы №6 орта
мектебі
тәрбие ісінің орынбасары
Майра Смағұлова