«Рауан» ғылыми әдістеме бірлестігінің онкүндігінде өткізген
іс -шаралар туралы
16-29 қаңтар аралғында «Рауан» ғылыми әдістеме бірлестігінің «Жаңа технологияларды қолдану арқылы жеке тұлғаға сапалы білім беру» тақырыбында онкүндігі өтті.
Онкүндіктің негізгі мақсаты: жаңаша бағдарлама бойынша оқушыларға білім бере отырып ойлау қабілеттерін арттыру. Өмірге, Отан сүйгіштікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу және денсаулықты нығайту.
«Рауан» ғылыми әдістеме бірлестігіне математика, география, химия, информатика, экономика, физика, биология, дене шынықтыру, көркем еңбек және АӘД пәндері кіреді.
Онкүндік өту барысында математика, биология, химия, дене шынықтыру, АӘД пәндерінен ашық сабақтар, ал информатика, физика, география, көркем еңбек, дене шынықтыру пәндерінен сыныптан тыс іс-шаралар
өткізілді. Атап айтар болсақ: 5-11 сынып оқушыларына осы пәндерге байланысты
қабырға газеттерін шығарыу сайысы ұйымдас-тырылды. 17.01 – күні биология пәнінің
мұғалімі Даутбаева Ұлдана Жайлаубайқызы «Өсімдіктердің қозғалысы. Қозғалыстың
өсімдіктер шіршілігіндегі маңызы» тақырыбында 7 «А» сыныбына «Үштілділік
бағдарламасы» бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақ «жақсы» деп бағаланды.
18.01-күні . математика пәнінің мұғалімі Сатыбаева Роза Ибрагимқызы «Қысқаша көбейту
формулалары» тақырыбында 7 «Ә» сыныбына «Жаңаша оқыту бағдарламасы» бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақ «өте жоғары дәрежеде» өтті деп бағаланды.
Дене шынықтыру пән мүғалімі Үкібаев Азамат Төлеубайұлы 18.01- күні мектеп ауласында 7 «А» сынып оқушылары арасында «Сұңқар» және «Қыран» топтарымен сыныптан тыс шаңғымен жарыс ұйымдастырды. Екі топ та белсене қатысып, 3 түрлі сайыс бойынша сыннан өтті. Қорытындысында екі топ тең түсті. Сабақ қызықты болып өтті.
Балаларға өте қатты ұнады. 19.01 – күні «Шаңғы денені шынықтырады» тақырыбында Үкібаев Азамат Төлеубайұлы пене шынықтыру пәні бойынша 3 «Ә» сыныбымен ашық сабақты сайыс түрінде өткізді. Сабақ қызықты болып өтті.
Ал, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Хавлахат Батыржан мен Маханов Қуантай Қонысбайұлы 19.01 күні 7-8
сынып оқушылары арасында «Көнілді сайыс» ұйымдастырылды. 7 түрлі сайысқа қатысып 1 орынды 8 «А», 2 орын 8 «Ә», 3 орынды 7 «А, Ә» сынып оқушылары иеленді.
22.01–күні «Шаңғымен сырғанау тәсілдері» тақырыбында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Толғат Алтынбек 6 «А» сынып оқушыларына сынып бөлмесінде ашық сабақ өткізді. Жаңа бағдарлама бойынша өткізілген сабақ оқулыларға қатты ұнады. Бірнеше топтық тапсырмалар орындап, видеороликтер көрсетілді. Сабақ «жақсы» өтті деп бағаланды.
«Табиғатты аяла» атты сыныптан тыс сабақты география пәнінің мұғалімі Алибаева Назгүл Еркінқызы 6 «А» сынып оқушыларымен өткізді. Оқушылар «Ай», «Күн»,«Жұлдыз», «Құстар», «Жауарлар» бейнесінде киімдер киіп сабақты жандандыра түсті.
23.01-күні информатика пәнінің мұғалімдері Утельбаева Анар Боранбайқызы мен
Канжил Ләззаттың ұйымдастыруымен 8 «А»-9 «А,Ә»-10 «А» сынып оқушылары арасында «Жұлдызды
сағат» интеллектуалды ойын өткізілді. 4 сыныптан 12 бала «Тапқырлар» мен
«Білгіштер» болып 2 топқа бөлінді, интербелсенді тақтадан түрлі тапсырмаларды
орындап, сұрақ –жауатар берілді, қорыта келе «Тапқырлар» тобы жеңіске жетті.
24.01-күні математика пәнінің мұғалімі Мадетхан Серікгүл 9 «Ә» сынып оқушыларына «Тригонометриялық функциялардың қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өткзді.Оқушылар топпен бірлесе отырып көптеген есептер шығарды, интербелсенді тақтадан берілген тапсырмаларды орындады. Сабақ «жақсы» өтті деп бағаланды.
Осы күні Алғашқа Әскери Дайындық пәнінің мұғалімі Талғат Нұршаріп 10 «А» сынып
оқушыларымен «Жаңа қару және жалпы әскери ұрыс принциптерінің дамуы»
тақырыбында ашық сабақ өткізді. Жалпы сабақ мағыналы, мәнді өтті. Оқушылар өз
ойларын ашық айтып, көптеген мәліметтер алды.
«Азон» тақырыбында химия пәнінің мұғалімі Төнеубай Алия 8 «А» сыныпта
25.01-күні ашық сабақ өткізді. Сабақта жаңа технологиялар қолданылып сабақтың
жақсы өтуіне мүмкіндік берді. Жалпы сабақ қызықты, әрі жақсы өтті. «Алгоритм
ұғымы, алгоритм түрлері» тақырыбында Канжил Ләззат информатика пәні бойынша 5
«А» сыныптары арасында сайыс сабақ өткізді. Сабақта үштілділікке байланысты
тапсырмалар беріліп отырды. Ал, 26.01-күні Егимбаев Ерназар Қайыргелдіұлының
ұйымдастыруымен 6 «А,Ә» сынып оқушыларының арасында «Көңілді старт» сайыс
сабағы болып өтті. Оқушыларға 7 бөлімен тұратын тапсырмалар берілді, сұрақтар
арасында үш тілге байланысты тапсырмалар да
беріліп отырды. Сабақ өте жақсы өтті. Сонымен қатар физика пәнінің мұғалімі
Мукашева Сағдат Бөпиқызының ұйымдастыруымен жаратылыстау бағыты бойынша ғылыми
конференция болып өтті. Оған математика пәні бойынша Сағынтаева Балхаш
Сейпілқызының жетекшілігімен 8 сыныптан Ерболат Аяулым және Секенов Ғабит
қатысты. Жаратылыстану пәнінен Жеңіс Аяулым Сейілханова Айнұр Бақытқызының
жетекшілігімен қатысты. Физика пәні бойынша 8 сынып оқушысы Базарбеков Санжарды
Мукашева Сағдат Бөпиқызы жетекшілік етіп қатыстырды. Ал биология пәні бойынша 9
сынып оқушысы Тоқтаухан Еркебұлан Даутбаева Ұлдана Жайлаубайқызының
жетекшілігімен қатысты. Мадетхан Серікгүлдің жетекшілігімен 10 сынып оқушысы
Ескермесова Лаура қатысты.
Онкүндігіміздің соңгы күні мектебіміздегі 4 бірлестіктің мұғалімдерін қатыстыру барысында «Спорт-денсаулық кепілі» тақырыбында мұғалімдер арасында да эстафеталық ойындар өткізілді. Мұғалімдер өте белсенді қатысты. Өздерін бір сергітіп «Рауан» бірлестігіне алғыстарын айтты. Тағы бір айта кететін маселе ол «Рауан» ғылыми әдістеме бірлестігінің ұйымдастыруымен мектебімізде алғаш рет «Табиғат бұрышы» ұйымдастырылды. Оған
бірлестік мүшелерінің барлығы ат салысты.
«Рауан» ҒӘБ жетекшісі:
Даутбаева Ұ.Ж.