"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села Караоткель отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мы в соц. сетях

   - Instagram

   - Facebook


«    Маусым 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

21.02.2018

 «Жырлайды жүрек» атты аудандық Мұқағали оқулары

Бүгінгі Қараөткел ауылы № 6 орта мектебінде, аудандық жалпы білім беретін мектеп

оқушылары арасында өткелі отырған «Жырлайды жүрек» атты  Мұқағали Мақатаев  оқуларына қош келдіңіздер!

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, жұртым оған елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім! – деп ақынның өзі жырлағандай, оның өлеңі

өмірден өзі кетсе де өшпей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Олай болса, біз

бүгін өздеріңізбен бірге қазақтың қара өлеңінің құдіретін ұғынған, «поэзия» атты тұңғиық теңізінде еркін

жүзген, жауһар жырларын қазақ жастары жанына жақын балаған, мәңгілік жырдың

марғасқасы Мұқағали Мақатаевтың әлеміне

сапар шеккелі отырмыз.

  1 – жүргізуші:

Бүгінгі аудандық Мұқағали оқуларының басты мақсаты:

- Ақиық ақынның жыр – әндерін болашақ ұрпақтың жүрегіне жүрегіне жеткізе

отырып, дарынды жастар тәрбиелеу;

- Ел болашағы саналы жастарға қолдау жасап, шығармашылық деңгейлерін

көтеру;

-Жас ақын балалардың шығармашылығын дамыту, өлең оқудағы шеберлігін шыңдау ;

- Жас ақындарға әлеуметтік – рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс

түрлерін жандандыру. Жас буынның тарихи танымдарын, өмірге көзқарасын

қалыптастыру.

 

2 – жүргізуші: Олай болса, бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын құттықтау сөз кезегін : мектеп

директоры Ахмет Айтан Қабиұлына

береміз.

Келесі құттықтау сөз кезегін аудандық білім бөлімінің әдіскері Айнұр Далабайқызына береміз.

 

1 – жүргізуші:

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев Алматы облысы, Райымбек

ауданы, Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Мұқағалидің азан

шақырып қойған толық аты – Мұхаметқали. «Пайғамбардың атын түгел айту балаға

ауыр болады»,- деп еркелетіп, қысқартып Мұқағали атап кеткен. Ақын 10 жасынан

бастап өлең жаза бастайды.

Табиғат, жанымды алсаң, алшы менің

Бір түйір жерге түскен тамшым едің

Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,

Артымда қалсын жерім, қалсын елім.

2 – жүргізуші:

Кім білсін қаншама әлі шырқарымды,

Кім білсін қай күні сенің қырқарыңды,

Мұқағали жоғалса, қайтер дейсің,

Жоғалтпаса болғаны ұрпағымды, - деген екен. Ақынның жырын жырлап отырған ұрпағы

– мына біздерміз. Мәңгілікке тот баспайтын асыл жырларын келер ұрпаққа

жеткізетін де - өзіміз. Ендеше бүгінгі жыр додасы Мұқағали сынды өр ақынға

арналмақ.

2-жүргізуші:

Жылдар өтер... әлі небір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлең құдіретін

аспанға көтерген Мұқағали есімі қашанда биіктен көрінер. Мұқағали поэзиясы

әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге.

Ақын мұрасы, маржан поэзиясы- болашақ ұрпақтың мәңгілік еншісі, қастерлеп,

қадірлейтін қазынасы.Олай болса жас ұрпақтың «Мұқағали « есіміне арналған

лебізіне кезек берейік

Оқушылар:

 М- Мұқағалидың

 Ұ- ұрпаққа

 Қ- қалдырған

 А- аманатын

 Ғ- ғасырлар

 А- арнасына

 Л- лайық деп

 И- иіліп, бас

иеміз (Барлығы бірге).

1 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар,

оқушылар кешімізді ары қарай бүгінгі байқау шарттарымен таныстырып өтсек:

бүгінгі байқау 8 жанр бойынша өтеді.

1. Көркем сөз

2. ақындық өнер

3. вокал ( академиялық, эстрадалық, халықтық)

4. вокалды топ: хор

5. дәстүрлі ән

 

Байқауға қатысатын балалардың жас

ерекшеліктері:

-Бүлдіршін топ (5-7 жас аралығы)-өлең саны 10 өлеңнен басталады.

-Кіші топ  (8 – 10 жас аралығы) – өлең саны

15-30 өлең аралығы

-Орта топ  (11 – 13 жас аралығы) – өлең сны 30

өлеңнен астам

-Жасөспірім топ (14 – 16 жас аралығы) – өлең саны 30 өлеңнен астам

 «Көркем сөз» жанры бойынша

байқауға қатысушы Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін ой кестесіне сай мәнерлеп

оқиды, жүріс – тұрыс мәдениеті, өзін сахынада ұстауы үлгілі дәрежеде болуы

керек.

 «Ақындық

өнер» жанры бойынша оқушы тақырыпқа сай өз шығармасын мәнерлеп

орындайды.

 «Дәстүрлі

ән» жанры бойынша аспаптың сүйемелдеуімен екі ән орындайды, яғни, орындаушы ақынның өлеңдеріне жазылған

әндерін ұлттық аспаптың сүйемелдеуімен және екінші ән еркін тақырыпта дәстүрлі

ән. Халық әні – терме орындалуы

тиіс.

 «Эстрадалық вокал» жанрына

қатысушылар эстрадалық ән жанрында екі

ән орындайды. Бірінші ән Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған, екінші ән

еркін тақырыпта. Ән тірі дауыста айтылу керек. Дуэт, трио, квартет және вокалды

топтар мен хор қатыса алады. «Бэк»

вокалға рұқсат етіледі.

 

1 – Жүргізуші:

Бүгінгі жыр додасына әділдік жүргізетін сарапшы әділ-қазыларды таныстырып өтейік:

Сонымен бүгінгі  «Жырлайды жүрек» атты  Мұқағали Мақатаев  оқулары өз мәресіне жетті.  Жарыс жеңімпаздарын марапаттау үшін әділ – қазыларды ортаға шақырайық.

Мен сенің үніңменен үндесемін,

Мен сенің тіліңменен тілдесемін.

Сауық құрып бойында бір көшенің

Болашағым, сен тұрсың, мен де өсімін, – деп болашағына сеніммен қараған еді

ақиық ақын. Ендеше, байқаудың  «Көркем сөз» жанры бойынша байқауға

қатысушыларды марапаттауға кезек берейік.

1 – жүргізуші: 

Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе?

Неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таңдардан сені іздедім- деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай

«Ақындық өнер» жанры бойынша

байқауға қатысушыларды марапаттауға кезек берейік.

 

  2 – жүргізуші: 

Дүниеден өтті қанша ұлылар,

Ұлылар да уақытпен құбылар

Сиқырыңды зерттеп бітпес біз үшін

Бір өзің бір құбылыссың сыры бар, - деп Қанипа ақын Мұқағали ақынды еске алған

екен. «Эстрадалық вокал» жанры

бойынша байқауға қатысушыларды марапаттауға кезек берейік.

 

1-жүргізуші:

«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» деп өзі айтып кеткендей

оның өлеңдері  мәңгілік жасай бермек! Ақынның ой айтудағы өткірлігі, батылдығы біздерге өнеге, тәлім, сабақ берері сөзсіз.

  2-жүргізуші:

Ия, өлең өлмейді. Ендеше өлеңді жазған ақын да өлмейді. Мұқағали Мақатаев көз

жұмған жоқ!

  1-жүргізуші:

Тарих дөңгелегі алға жылжыған сайын Мұқағали өлеңдері ұрпақтан - ұрпаққа мирас

болып, егемен еліміздің аспанында азат даласында қыран құстай самғап ұшып жүр.

... Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,

Еңбегінің қызығын да көре алмай.

От боп жанып өтіп кеткен ақынға

Мәңгілік қып өмір берген өлеңді – ай, - деп Айтақын ақын жырлағандай, өлең

өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Ол – біздер үшін өшпес те өлмес

асыл мұра, қасиетті қазына. Облыстық Мұқағали оқуларына қатысушы түлекке аудан

намысын абыроймен қорғап, жүлделі орынға жетуіне тілектеспіз.


2-жүргізуші:

Осымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған аудандық Мұқағали оқулары өз

мәресіне жетті. Жыр әлемінде келесі  кездескенше аман сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 500


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст