2023-2024 оқу жылының қаңтар айының 25 күні Құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында Қараөткел ауылы № 1 ЖОББМ құқық бұзушылық іс әрекеттерімен көзге түсіп, ерекше назарға алынған 7-11 сынып оқушыларымен түрлі құқық бұзушылықты болдырмаудың алдын-алу мақсатында түсінік жұмыстары жасалып, жиналыс өтті. Атап айтқанда : түнгі жүріс, оқушылар арасындағы зиянды заттарды пайдаланудың қауіптері мен оқушылар арасындағы әлімжеттіктер, зорлық-зомбылықтың, қорлаудың, қудалаудың соңы қылмыстық жауапкершілікке апаратыны туралы толық ақпарат беріліп, кәмелеттік жасқа толмаған әр бала үшін ата-аналар жауапты екені оқушыларға түсіндірілді.
Ұлттық мүдде:
Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу.
Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарауға, әдепті мейірімді болуға баулу
Ар-ұят:
Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділік таныта білу
Талап:Зорлық-зомбылықпен табысты күресу үшін бірінші кезекте осы мәселеге көзқарасын өзгерту керек.