Текст
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылғы 16 қазанда отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі бірыңғай мемлекеттік Байланыс орталығы/сенім телефоны «111 - AMANAT» (бұдан әрі - Байланыс орталығы) ашылды.
Байланыс орталығы тұрмыстық зорлық-зомбылық, бұллинг құрбаны болған, әлеуметтік көмекке және мемлекеттің қолдауына мұқтаж азаматтардан өтініштер, сондай-ақ баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туралы хабарламалар қабылдайды. Байланыс орталығы әрбір өтініш бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен қызметтерді тарта отырып, кешенді көмек көрсетеді.