Қазақстан Республикасы «Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау
тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №355 бұйрығына сәйкес Қараөткел ауылы №1 ЖОББМ қамқоршылық кеңес құрамына қосымша қабылдау жүріп жатқанын хабарлайды.
Қамқоршылық кеңес мүшелеріне үміткерлер 14 наурыз бен 24 наурыз аралығында тиісті білім беру ұйымдарына өтініш тапсыруы тиіс.
Қамқоршылық кеңестің құрамына:
1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері;
3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса) кіреді.
Қамқоршылық кеңестің құрамына:
Ескерту: Қамқоршылық кеңеске мүше болу үшін өтініштер жергілікті білім ұйымына өткізіледі.