"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села Караоткель отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мы в соц. сетях

   - Instagram

   - Facebook


«    Маусым 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ең үздік әдістемелік бірлестік-2023"

10.03.2023
Қараөткел ауылы №1 жалпы орта білім бретін мектебінде 8- наурыз халықаралық әйелдер күнін мерекелеу шеңберінде «Ең үздік әдістемелік бірлестік-2023» байқауы өтті. 
Мақсаты: Ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
Байқауымызды бастамас бұрын мектеп директоры Ахмет А.К. барша әйел ұстаздарды келіп жеткен мерекесімен құттықтап, бес әдістемелік бірлестіктен бір ұстазға Мектеп директорының алғыс хатын табыстады. 
Аудандық тарих пәні мұғалімдері арасындағы Патриоттық әндер сайысының бас жүлде иегері, мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Хабай Бақытгүл өзінің жеңіс алып келгенін әнімен байқауымызды ашып берді. 
 

 

Байқауға мектебімізден бес бірлестік қатысты.

  1. «Кәусар» ӘБ
  2. «Шежіре» ӘБ
  3. «Лингвист» ӘБ
  4. «Рауан» ӘБ
  5. «Алаш» ӘБ

         Байқауының ережелері:

  1. «Визиттік  карточка». (Таныстыру)

Бағалау өлшемдері:

- өзектілігі; 

- жаңашылдығы

Уақыты: 3 минут

  1. Үй тапсырмасы (Алдын ала берілген тақырып бойынша жоба  жасау)

                      Бағалау өлшемдері:

-TEDх форматында өзіндік озық ой үлгісі

 - орындалу сапасы; 

 - жұмыстардың тәжірибелік бағыттары мен мәні

Уақыты: 5-7 минут

  1. Үздіксіз білімге сапар (педагогикалық жағдаят және сұрақ - жауап)

         Уақыты: Ойлануға уақытберілмейді.

 

  1. «Бір бірлестік- бір кітап» Сахналық қойылым

Уақыты: 7-10 минут

Ұстаздарға баға беретін Әділқазы мүшелері төмендегідей болды.

1. Мектебіміздің директоры Ахмет Айтан Қабиұлы
2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Салменова Марал Амангелдіқызы
3. Мектебіміздің математика пәні мұғалімі Егимбаев ерназар Қайыргелдіұлы
4. Мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Омарова Күміс Қазақпаевна
5. Кәсіподақ төрайымы, директордың оқу ісіің орынбасары Уалиева Ұлболсын Калиевна

6. Мектебіміздің «Қамқоршылық кеңесінің» мүшесі Куандыкова Айым Жомартовна

7.  Мектепішілік ата-аналар төрайымдарының мүшесі  Кайник Айнахан

Үй тапсырмасында алдын ала берілген тапсырмалар бойынша бастауыш сынып мұғалімдері «Жаңартылған білім- заман талабы» тақырыбында жоба қорғады.

Барлық көрермендерге ұнаған сайыс «Бір бірлестік-бір кітап» қойылым болды. «Алаш» ӘБ қазақ әліппесінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының «Анаға хат» қойылымын қойып, жүрек тебірентті.  

Әділ қазылардың бағалауынң нәтижесінде:

«Бас жүлде» - «Кәусар» ӘБ

1 орын- «Алаш» ӘБ

2 орын- «Рауан» ӘБ

3 орын- «Лингвист» ӘБ

3 орын – «Шежіре» ӘБ Иеленді.  Осы сайысты өткізуге түрткі болған және демеушілік көрсеткен Мектебіміздің кәсіподақ төрайымы Уалиева Ұ.Қ. 

Сайыс өз мақсатына жетті. Әр бірлестік өзінше бір кітап болып әркімнің есінде қалды.

 

 

Просмотров: 1571


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст