"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села Караоткель отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мы в соц. сетях

   - Instagram

   - Facebook


«    Маусым 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өлкетану» үйірмесінің жұмысның есебі

12.09.2022

     Оқу жылының басында, яғни қырқүйек айында «Өлкетану» үйірмесі құрылды. Үйірменің жетекшісі болып Даутбаева Ұлдана Жайлаубайқызы тағайындалды. Жылдық жоспар құрылып, «Өлкетану» үйірмесіне 75 оқушыларды қабылданды. Қазан айынан бастап үйірмеге қабылданған оқушылармен төмендегідеі жұмыстар атқарылды.

     Қазан айында мектеп ауласындағы ағаштардың түптерін қопсыту, тазалау жұмыстары жасалды. Сонымен қатар «Қорғалжын қорығының сұлу құсы» суреттер байқауы (онлайн)  (5-6 сынып оқушылары арасында байқау) өтті. Экочеллендж ұйымдастырылып , (бес әрекет жасау қажет) әлеуметтік желіде жарияланды. Мектеп ауласына ағаштар отырғызу жұмыстары және «Құстарға қамқорлық көрсету» ұя жасап (7 сынып оқушылары арасында) қыстап шығатын құстарға қамқоршылық көрсету мақсатында ұялар жасалып, мектеп ауласындағы талдарға ілінді.

     Қараша айында мектеп аулаларына тазарту жұмыстары жасалса, желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында сынып бөлмелеріндегі өсімдіктермен жұмыс жүргізілді.  «Экологиялық сағат»   тақырыбында үйірме мүшелерімен отырыс (9 сынып оқушылары арасында) өткізілді.

    Наурыз айының соңынан бастап мектеп ауласындағы ағаштардың түптерін қопсытып, сенбіліктер жасалды. Мектеп ауасына егілетін гүлдерді сынып бөлмелерінде өсіру үшін топырақтар дайындалып, тұқымдарды даярлау, егу, оларды суру жұмыстары жүргізілді.

     Сәуір айынан бастап сынып бөлмелеріндегі өсімдіктермен жұмыстар мен  мектеп ауласын тазарту және гүлдер отырғызуға дайындық шаралары жасалды.  Мектеп ауласындағы топырақты аударып, өсімдіктер егуге дайындады.

    Мамыр айының соңына қарай мектеп ауласына түрлі гүлдер отырғызу жұмыстары жасалынды. Мектеп ауласындағы гүлдерді баптау, арамшөптерден тазарту жұмыстары жаз бой жүргізілді. Мектеп ауласындағы гүлдерді баптау жұмыстары үйірме мүшелеріндегі оқушылар мен биология пәнінің мұғалімдерінің қатысуымен жүзеге асты. Мектеп ауласындағы гүлдердің тұқымдарын жинап, келер жылға егілетін тұқымдарды реттеу жұмыстары жүргізілді.

 

Просмотров: 1026


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст