18.08.2022
Целиноград ауданы Ақмол ауылында Халықаралық Жастар күніне орай Балалар жылына арналған "LIGHT YOU STAR" конкурстық байқау өткізілді. Осы жарқын, музыкалық-би байқауының ұйымдастырушылары-біздің белсенді, креативті жастар ресурстық орталығы.ы
Байқауда ауданның әр түрлі ауылдық округтерінің талантты балалар Ақмол ауылының мәдениет үйінің сахнасында өз өнерлерін, шеберліктерін көрсетті. Бұл іс-шараға Қараөткел ауылдық округі атынан №1 мектебінің оқушысы Темірхан Мирас Бақытбекұлы қатысып, бас жүлдеге ие болды. Целиноград ауданының әкімі Б. А. Оспанбековтің алғыс хатымен марапатталды.