"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села Караоткель отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мы в соц. сетях

   - Instagram

   - Facebook


«    Маусым 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Тілдер күні" мерекесіне орай «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» онкүндігі

23.09.2019

Қараөткел ауылы №6 орта мектебінде Қазақстан Республикасы халқының «Тілдер күні» мерекесіне орай 09.09.19ж – 21.09.19ж күндері аралығында «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында іс – шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

Іс – шараның мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп жатқан әр түрлі ұлт өкілдері арасында достық пен татулықты нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет көрсету, үш тілдік саясатты дамыту, үш тілде сөйлей білу өмір талабы екенін оқушыларға түсіндіру.

Іс – шараның апталық жоспары бекітілді.

09.09.19ж күні  «Абай дана, Абай дара қазақта» атты әдеби – монтажбен іс – шара ашылуы ұйымдастырылды. Іс – шараны мектеп директоры Ахмет А.Қ ашып, 10 сынып оқушылары үш тілде Абай Құнанбайұлының өмірімен шығармаларынан мәлімет берді. Іс – шараның ашылу жиынына мектебіміздің 5-11 сынып оқушылары қатыстырылды. Жиынға 5-11 сынып оқушыларынан -355 бала қатысты.

  

 

11.09 – 12.09.19ж күндері 2 «а,ә,б,в» сыныптарында «Тіл – ұлттың жаны» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Сабақтың мақсаты: ана тілінің қадір – қасиетін түсініп, оны құрметтеп, үш тілде сөйлей білуге қалыптастыру. Оқушылар үш тілде ән, тақпақ айтып, үш тілде сұрақтарға жауап берді. Жалпы 2-сыныптарда бала саны – 105. Тәрбие сағатына барлық бала ат салысты.

 

13.09.19ж күні тарих пәнінің мұғалімдері: Жиенқұл Ұ.Б мен Рыспекова Т.Е ұйымдастырумен «Жаңа әліпби – жаңа дәуірдің жаңа тарихы» тақырыбында 8 «а,ә» сынып оқушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: жаңа әліпбиге көшудің маңыздылығына тоқтала отырып, латын графикасына көшу жаңа дәуірдің жаңа тарихы болатындығына көз жеткізу.

16.09.19ж күні 5-6 сынып оқушылары арасында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты 3 тілде полиглот сайысы өткізілді.сайысқа 5 сынып «Эридит» және 6 сынып «Знатоки» командалары деген атаумен қатысып, сайыс соңында Эрудит командасы -1 орынды иеленсе, 2 орынды Знатоки командасы иеленді. Команда бойынша сайысқа 7 бала,яғни екі командадан 14 бала қатысса қалған оқушылар ойынды тамашалады. Жалпы 5-6 сыныпта оқушы саны – 167. Полиглот сайысына жауапты орыс тілі пәні мұғалімдері: Камалиева Ш.С және Кузембаева АБ.

 

17.09.19ж күні ағылшын пәні мұғалімдері: Әлімсейітова Г.Ж, Нұрмағанбетова М.Ж 3-4 сынып оқушылары арасында «Батыл кішкентай бала» тақырыбында ағылшын тілінде сахналық қойылым ұйымдастырды Мақсаты: оқушы бойында сахна мәдениетін қалыптастыра отырып,әртістік қабілетін дамытып, ағылшын тілінде еркін сөйлеуге машықтандыру. Сахналық қойылым барысында 4 «Ә» сынып оқушылары өздерінің ерекше қабілеттерімен көзге түсіп, сайыс жеңімпазы атанды. Сынып жетекшісі Тапалова К.К және пән мұғалімі Нұрмағанбетова М.Ж. 3-4 сыныптарда жалпы оқушы саны - 176

 

18.09.19ж күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Сәлменова Ж.Қ мен Жармағамбет Д.Б ұйымдастырумен 5,6,7.8,9  сынып оқушылары арасында  «Қазақ тілім - мәңгі жасар байлығым»атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Байқау барысында сайысқа қатысушы С.Сейфуллин,І.Жансүгіров шығармаларынан үзінді мәнерлеп оқыды.(1 проза, 1 поэзия). Сайысқа әр сыныптан 1 оқушы қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша  бас жүлдені  9«А»  оқушысы Айтбай Айғаным иеленсе, 1 орынды 6 «А» сынып оқушысы Амангелдинова Ж, 6 «ә» сынып оқушысы Солдатхан Ш, 7 «а» сынып оқушыс Жеңіс А иеленсе 2 орынды 7 «б,ә» оқушылары Оралтай С, Нұртай А және 5  «б» сынып оқушысы Шаймұрат А иеленді. Ал, 5 «а,ә» сынып оқушылары Оралбай Г бен Ержан Е 3 орынды қанағат тұтты. Сайысты тамашалауға 30 бала үлес қосты. 16.09 - 19.09.19ж күндері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Г.С жауапкершілігімен  9-11 сынып оқушыларынан  «Менің тілім – менің мақтанышым» тақырыбында эссе алынды. Қорытынды бойынша бас жүлдені 11 сынып оқушысы Омархан Гүлдария иеленсе 1 орынды 9 «А» сынып оқушысы Өмірбек Нұржігіт иеленді. Ал, 2 орынды 9 «а» сынып оқушысы Досымжан Жандос иеленсе 3 орынды 9 «ә» сынып оқушысы Мұратхан Ұлтұмар иеленді. Эссе жазу байқауына 9,11 сынып оқушылары толығымен қамтылды, яғни бала саны -50

 

 

Просмотров: 686


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст