"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села Караоткель отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мы в соц. сетях

   - Instagram

   - Facebook


«    Маусым 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тәні саудың – дені сау» денсаулық фестивалі

23.09.2019

Қараөткел ауылы №6 орта мектебінде 02.09 – 06.09.2019 жылы күндері аралығында «Тәні саудың – дені сау» атты денсаулық күніне орай  апталық іс – шара  жоспары құрылып, жоспар негізінде жұмыстар атқарылды.

      Іс – шараның мақсаты: денсаулықты сақтау мен нығайту. Қазақстандықтар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

02.09.19ж күні. Іс – шара салтаннатты жиын түрінде ашылып, құттықтау сөздер сөйленді. Одан кейін жоспар бойынша іс – шаралар атқарылды. 

2 – 11 сынып оқушылары мектеп алаңында  бой жазу жаттығулары жасалды.

2 – 4 сынып оқушылыры мектеп ауласында флешмоб би жаттығуларын жасады. Жауапты сынып жетекшілері және дене шынықтыру пәні мұғалімі Толғат Алтынбек.

02.09 - 06.09.19 күндері «Біздің үлгі тұтар мақтаныштарымыз» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: мектебіміздің спорт саласындағы жеңімпаз шәкірттердің жетістіктерін мектеп оқушыларына үлгі тұту.

03.09.19 күні мектеп медбикесі Хасенова Гүлмираның ұйымдастырумен «Денсаулық – өмірдің мәні» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге 7 сынып оқушылары және мұғалімдер қатысты.

04.09.19ж күні қазақ тілі мамандарының жетекшілігімен 5,6,7 сынып оқушыларынан «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында диктант алынды.

05.09.19ж 5,6,7 сынып оқушылары арасында мектеп сыртында, дене тәрбиесі мұғалімдері: Үкібаев Азамат пен Баданов Бақытжанның ұйымдастыруымен эстафеталық жарыстар өткізді. Ойын соңында          6«Ә» сынып оқушылары I орынды иеленсе, 6 «А» сынып II орынды иеденді. Ал, 5«А» сынып оқушылары III орынды қанағат тұтты. 

  

05.09.19ж күні 7-8 сынып ер балалары арасында футбол ойынынан жарыс ұйымдастырылып, нәтижесінде 8«Ә» сынып оқушылары I орынды иеленсе, 8 «А» сынып II орынды иеленді. Ал, 7«А» сынып оқушылары III орынды қанағат тұтты. Жауапты дене шынықтыру пәні мұғалімі Толғат Алтынбек

05.09.19ж Дене шынықтыру пәні мұғалімі Бөлтірік Әділханның  ұйымдастыруымен 7,8 сынып қыз балалар арасында волейбол ойынынан жарыс болып 1 орынды 8 «А» сынып, 2 орынды 8 «Ә» сынып, 3 орынды  7 «Б» сынып иеленді.

06.09.19ж 9-11 сынып оқушылары, ұстаздар және мектеп қызметкерлері  арасында 3000 метр қашықтыққа жүгіруден I орынды Мухитдинов Серік Сұлтанұлы иеленсе, II орынды Тапалова Күлмайра Қалиқызы және III орынды Қабиев Сейфулла Кабиевич  жеңіп алды.

03.09 – 06.09.19ж күндері аралығында 9,10 сыныптар аралығында  «Денсаулыққа апарар жол» тақырыбында бейнероликтер шеруі ұйымдастырылды. Шеру барысында оқушылар ардагер ұстаз Кабиев Сейфулла Қабиұлы мен және жергілікті ауыл тұрғыны Мэлс Молдағалиұлымен сұқпаттасып , денсаулыққа спорттың тигізер пайдасы жөнінде ақпарат алып қайтты.

Просмотров: 644


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст