25.05.2022
"Қараөткел ауылы №1ЖОББМ" КММ
Бүгін, 25.05.2022ж күні мектебімізде 2021 2022 оқу жылының аяқталу құрметіне арналған "Сыңғырла, соңғы қоңырау" атты салтанатты жиын өтті. Жиынға "Аманат" партиясының Целиноград аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қанапиянов Азамат Жеңісұлы және Қараөткел ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Сальменова Сұлушаш Сағынтайқызы қатысты.
Биылғы оқу жылы бойынша мектеп табалдырығын 23 түлек аттады. Оның 2-і алтын медаль үміткерлері, 3-і үздік оқушылар.