Текст
21.04 күні Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері арасында аудандық семинар өтті. Мектебімізден 2 дене шынықтыру ұстаздары қатысып тәжірибе алмасты. Семинарда осы оқу жылында өткізілген жарыстар туралы қорытынды жасалды, біздің мектебіміз жарыстың барлық түріне қатысып жақсы нәтижелер көрсеткенін мәлімдеді, сонымен қатар біздің мектептің оқушылары Облыстық жарыстарданда жүлделі орынмен оралғаны атап өтілді.Алдағы уақытта біраз жетістіктерге қол жеткіземіз деген үмітіміз зор.