Арнайы ауыл мектептерінің оқушылары үшін IQanat Қоры Қазақстандағы ең ауқымды “IQanat”жеке олимпиадасын өткізеді. Олимпиаданың көмегімен біз Қазақстан мен әлемнің университеттеріне түсуге үш жылдық тегін дайындыққа финалистерді таңдағымыз келеді.
Интернет-конкурстарға қарағанда, біздің олимпиаданың барлық кезеңдері қатысушылардың дәстүрлі жиыны түрінде өткізіледі. Әрбір қатысушыны бағалау кезінде академиялық әділдікке тек осылай қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, тікелей кездесулер ғана балаларға құрдастарымен танысуға, көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Осы олимпиаданың ІІ кезеңі Қараөткел ауылы №2 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында өткізілді. Олимпиадаға мектебімізден І кезеңінің қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған 8 "А" сынып оқушылары Аллаберген Аяулым, Амангельдинова Жансая, Бейсембин Ануар, Болат Айым және Садвакасов Ғани. Сәттілік тілейміз!