Қараөткел ауылы №6 орта мектебі бойынша ыстық тамақты ұйымдастыру туралы анықтама
2018-2019 оқу жылы
Комиссия мониторгі бойынша мектептегі тамақтандыруды «Бракераждық комиссия туралы Ережені» басшылыққа ала отырып, сапалы, тиміді тамақтануды бақылауды күшейте отырып, оқушылардың тиімді тамақтануын қадағалады; асханада әртүрлі мәзір іске асырылуда; азық-түлік сапасының сертификаты және мерзімі тексерілді; мектеп асханасын бақылауға арналған бракераждық журналдар үнемі жүргізілуде , сондай-ақ санитарлық-гигиеналық жайдайы жақсы. «С» витамині қосылған.
Ас үй барлық қажет ыдыс-аяқтармен қамтамасыз етілген. Тамақ әзірлеуге пышақтар мен тайтайшалар таңбаланған. Шикі заттар мен пісірілген тағамдарға арнайы тақтайшалар бар. Тамақ қалдықтары мен қоқыс тастауға арналған таңбаланған арнайы шелектері бар. Ас блогының ыдыстарын жууға арналған қажетті жуғыштар, залаласыздандыруға арналған құралдар бар.
Орталықтандырылған сумен жабдықталған канализациясы бар. Азық-түлікті сақтауға арналған қосалқы бөлме бар. Асхана қызметкерлері медициналық тексеруден өтті, рұқсаты және арнайы киімдері бар.
Тамақ дайындауға азық-түліктері бар. Бекітілген мәзір бойынша ыстық тамақ дайындалып, тәуліктік сынамасы қалдырылады. Медбике тағам әзірлеу процесін бақылап, күнделікті бракераж журналына тіркейді.
Асханада кезекшілікті кезекші мұғалімдер атқарады. Әкімшілік кезекші осы кезекшілерге бақылау жасайды
Тексеру барысында дайындалған тағамдардың сапалығы мен мөлшері тексерілді. Сапасы өте жақсы.
Асхана ыдыстары қолданылғаннан кейін, жұмыс барысында гидрохлорид кальцийдің 5 пайызды ертіндісімен залалсыздандырылады. Барлығы өз ыдысында жуылады. Асхана таза. Ескертулер жоқ.